Авторские архивы: admin

«ӘКЕ ТАҒДЫРЫ» ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрының сахнасында Б.Жакиевтің «Әке тағдыры» драмасының премьерасы өтті. Драма Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналды. Қойылым соғыстан қайтпаған баласын келер деп үміт үзбеген әкенің, жесір қалған келінімен немересін бөлісе алмаған атаның айналасында өрбиді. Көпшіліктің көңілінен шыққан қойылым театрдың қоржынына енген екінші драма жанрындағы туынды.

Читать далее »

«АБАЙ ДЕСЕМ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «АБАЙ ДЕСЕМ» атты әдеби – музыкалық, театрландырылған қойылым өтті. Қойылым барысында Абайдың «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Татьянаның әні», «Айттым сәлем Қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз…» және т.б. әндері орындалып, Абай шығармашылығының толысқан, кемелденген шағындағы махаббаты мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Төтенше Жағдайлар қызметкерлері оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын түсіндірді. Сондай-ақ өрт орын алған жағдайдағы іс-қимылдар туралы да ескертті. Газ-түтіннен қорғау қызметі бекетінде өрт сөндірушілер түтінді ортада қолданатын сығымдалған ауасы бар тыныс алу аппараттары көрсетілді. Гаражда қонақтарға өрт сөндіру техникалары және өрт сөндіру-техникалық жарақтары: желі, оқпан, саты, сонымен қатар, өртті сөндіретін заттарды секундына 40 литр жылдамдықпен түтік құбыр бойымен отты өшіру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша үшінші мегаполисте коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Тимур Варзилов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізіліп келеді. – Коронавирустық инфекция тіркелген елдерден ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ — ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

«Мәдени астана» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген брифинг барысында айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Женевада өткен баспасөз брифингте коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныған болатын. Ол өз сөзінде таяу күндері ауру жұқтырған елдер қатары көбейеді дегені өздеріңізге белгілі. — Мемлекет басшысы бүгін Қасым-Жомарт ...

Читать далее »

«ЖАРАЛЫ ГҮЛДЕР» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрында С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмасының Премьерасы өтті. ХХ-шы ғасырда неміс фашистері дүниені дүрліктірген сұрапыл соғыстың ауыр жүгін қазақ ауылындағы жасөспірім балалар мен әйелдер арқалады. Бірінің – әкесі, бірінің – бауыры соғыс майданында қаза тапқан балалардың қайғысы мен бала көңілі Военкомның темірдей тәртіпке иген талабымен қосақтанған көріністер көрермен көңілінен орын тапты. Жасөспірімдердің періштедей пәк ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШЫМКЕНТТІҢ ЖЫЛУ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмысымен танысты. Алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін қазандықтардың жай-күйін бағамдады. Алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал болатын «Қуат жылу орталық -3» қазандығының жұмысын көрді. Қазіргі таңда қазандық көп пәтерлі 77 үйді, 9 бюджеттік мекемені, 35 шағын және орта бизнес нысандарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ...

Читать далее »

«РАХАТ-ШЫМКЕНТ» ФАБРИКАСЫНДА МАРМЕЛАД ШЫҒАРУ ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Рахат-Шымкент» фабрикасында мармелад желісі ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары М.Исахов, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Қаныбеков, басқарманың инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің басшысы А.Жанбатыров және фабриканың өкілдері қатысты. ⠀ Айта кетсек, аталған жоба аясында қалаға 1,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 80 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 млн теңге субсидия төленді. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

АЗЫҚ –ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «GraMad» көтерме тарату орталығында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Сонымен қатар, қала басшысы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аралау барысында әкім кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды. Бұдан бөлек, Мұрат Дүйсенбекұлы жұмысшы топпен теміржол ...

Читать далее »

«ЦИТАДЕЛЬ» ҚАМАЛЫ МАУСЫМ АЙЫНДА АШЫЛАДЫ

2020 жылдың маусым айында Шымкент қаласының басты туристік нысанына айналады деп жоспарланып отырған Цитадель қамалының ашылуы жоспарлануда. Осы орайда Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленбек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық туризм басқармасының басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Қалқабаев мәлімдеді. Азамат Мұратбекұлының айтуынша, «Мәдени астана» аясында келетін қонақтар мен жалпы қалаға келуші ...

Читать далее »