Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді. Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті. ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ 3 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕДІ
Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады. Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар. Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласының қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында мәлімдеді. Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралар мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны — 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады. Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық ...
Читать далее »«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША 60-ҚА ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады. Бұл жобалар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд. теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 60-қа жуық жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд. теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді. ...
Читать далее »ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДЕ АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ
Қаланың орталық көшелерінде жүк көліктерінің жүрісін шектеу мақсатында қала әкімдігі мен полиция департаментінің мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат — Шымкент қаласының орталық көшелерінде көлік қозғалысын оңтайландыру, кептелістерді болдырмау, жол-көлік оқиғаларын алдын алу және асфальт қабатының бұзылмауын қамтамасыз ету. Мегаполисте шілде айынан бастап қала аумағында ірі габаритті ауыр жүк көліктерінің жүрісіне, үлкен салмақты жүк көліктерінің айналма жолын және орта-кіші жүк ...
Читать далее »«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі медициналық мекемелер мен коронавирустық инфекцияға қарсы күреске мұқтаж азаматтар үшін қажетті құрал-жабдықтар, тауарлар, дәрі-дәрмектер жинау мақсатында республикалық #жақсылықжаршысы қайырымдылық марафонын іске қосады. Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Қаржылай көмек көрсетуге, өнімді ұсынуға немесе қызмет түрін көрсетуге, мүмкіндігінше жеңілдіктер беруге немесе ерікті ретінде әрекет етуге болады. #Жақсылықжаршысы марафоны 2020 жылы 21 шілдеде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ОҢ БАҒА БЕРДІ
Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимур Варзилов пен Ресейден келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде баяндады. Тимур Варзиловтыің мәлімдеуінше, қазірде Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастарға қажетті медициналық көмек берілуде. — Шымкент қаласында 2020 жылғы 20 шілде күнгі мәлімет бойынша ...
Читать далее »КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ
Әл-Фараби ауданында карантин режимін сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды. – Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.К.Тулебаевтың №25,26 қаулыларының орындалуы бойынша, құзырлы мекемелердің тарапынан құрылған мониторинг топтың құрамымен аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Құзырлы мекемелердің қатысуымен жүргізілген мониторинг жұмыстарының барысында санитарлық-эпидемиялық талаптарды және шектеу шараларын сақтамаған кәсіпкерлік нысандарына бірнеше хаттама толтырылды. Атап айтқанда, Қазыбек Би көшесі ...
Читать далее »«BI-GROUP» КОМПАНИЯСЫ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ
Шымкентегі қос бірдей ауруханаға «BI-Group» компаниясы өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты. Дүниежүзіне белгілі «Dräger» компаниясы өндірісіндегі өкпені жасанды желдету аппаратының сапасы жоғары. Ол әлемдік қолданысқа ие құрылғылардың бірі болып саналады. Елімізге танымал құрылыс компаниясы «BI-Group» бүгін осындай екі құрылғыны шымкенттік дәрігерлердің иелігіне тапсырды. Олар енді жанына дауа іздеген тұрғындарға өз көмегін тигізетін болады. Яғни, өкпені жасанды желдету аппаратының бірі ...
Читать далее »