ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ АУРУХАНАЛАРДА АЛҒАШҚЫ РЕТ «LEONARDO» ЛАЗЕР АППАРАТЫ ҚОЛДАНЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте алғаш рет қалалық № 1 ауруханасында Biolitec (Германия) компаниясы шығарған LEONARDO лазер аппаратын қолдануымен шеберлік сағаты өтті. Ең соңғы үлгідегі LEONARDO лазерлік аппараты көпфункционалды және оны қолдану аясы өте кең. Атап айтқанда: геморрой, фистула, гинекологиялық, урологиялық, ЛОР аурулары, омыртқа грыжалары және қалқанша безінің түйіндері сияқты ауруларды емдей алады. Бұрын мұндай операциялар ұзақ жасалатын, операциядан кейін айтарлықтай тыртықтар қалатын. ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ «ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ» ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде атқарылған жұмыстар жөнінде сұхбат берді. Қала әкімі 10 айда атқарылған жұмыстар, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. – Шымкенттің Елбасы Жарлығымен республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына екі жылдан астам уақыт өтті. Тарихи шешім қала болашағы үшін зор мүмкіндік беріп отыр. Осыдан екі жыл бұрын өнеркәсіп өнімінің көлемі 319 млрд теңге болса, ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ КОРОНАВИРУСТЫҢ КЕЗЕКТІ ЫҚТИМАЛ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайындық шаралары туралы айтты. Әкімнің айтуынша, еліміздегі үшінші мегаполистегі эпидемилогиялық ахуал арнайы мамандардың жіті қадағалауында. Ағымдағы жылдың 24 наурызынан 16 қарашаға дейінгі аралықта қалада COVID-19 ауруының 5 292 жағдайы тіркелген. – Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалдық. А, В, С жоспары ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» АЯСЫНДА 1700-ДЕН АСА ІС-ШАРА ӨТТІ

Биыл Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы «ЮНЕСКО» көлемінде тойланып, «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасын өткізді. «Мәдени астана жылы» елдегі пандемияға байланысты 1 700-ден астам іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңындағы баспасөз брифинг барысында баяндады. Мәдени астана бағытында Шымкенттің тарихы мен мәдениетін кеңінен дәріптейтін ескі қалашықтың бекінісін қайта қалпына келтіру ...

Читать далее »

«КІТАП ФЕСТ»: АҚЫН АБАЙ ҚАЛШАБЕК ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Кітап фест» республикалық фестивалі аясында белгілі ақын, ғалым, аудармашы Абай Қалшабек оқырмандармен кездесті. Кездесу барысында шараға қатысушылар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасы, бүгінгі қазақ әдебиетіне келген жас ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы пікір алмасты. – Қазіргі ақындар өлеңге үлкен баға береді. Ал, Абай Құнанбайұлы: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» — деген. Ғалымдар тұлға тануды үш кезеңнен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов қаладағы эпидемиологиялық ахуал бойынша баспасөз брифингін өткізді. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Бүгінде қалада 1 060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 838 төсек-орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 222 науқас ем қабылдауда. – Бүгінде Шымкент қаласында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА

Бүгінде Шымкент қаласында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы қолданысқа енгізілуде. Аталған кешенді схемаға сәйкес, қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары оңтайландырылмақ. Қазіргі таңда бірінші кезекте №74, №84, №92, №135, №35, №12, №103 және №27 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілді. Яғни, сиымдылығы үлкен жаңа автобустар тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Қала әкімі мектептің лингафонды кабинеті, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинетімен танысты. Сонымен қатар, шаһар басшысы жас шахматшылар ойынын тамашалады. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

«НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Үшінші Мегаполисте 150 балаға арналған өнер мектебі ашылды. Бүгін аталған «Нұрсат» өнер мектебіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысып қайтты. Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек. Өзгеге ұқсамайтын саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады. Мұнда домбыра, би, ән, қобыз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі республикалық «Кітап FEST» фестивалін ұйымдастырды. Көрме орталығындағы өткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауім өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, іс-шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан ...

Читать далее »