Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құраған. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында ...
Читать далее »ҚОҒАМ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ АЛУҒА БОЛАДЫ
Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» ғимаратында карантин жарияланды. Осыған байланысты бүгінде мекеме тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер онлайн түрде атқарылады. Азаматтар http://egov.kz/cms/ru порталы арқылы басқарма тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерге қол жеткізе алады. Қызметтердің қолжетімділігі бойынша басқарма қызметкерлері азаматтарға ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Соған қарамастан азаматтар карантин шектеулері мен санитарлық ...
Читать далее »БЕЛГІЛІ АМЕРИКАНДЫҚ ФОТОГРАФ ШЫМКЕНТТІ ҚҰС САМҒАУ БИІГІНЕН ТҮСІРДІ
Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Елімізде саяхатты дамытудың алғышарты – туризм саласының үгітін күшейту. Әсіресе, ғаламторға саяхатты үгіттейтін видеоларды, фотосуреттерді көптеп салу қажет. Шымкент қаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасының шақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штейнмец келді. Джордж қаланың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, ...
Читать далее »ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫ ЖАҢАДАН АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Еңбекші ауданында бұған дейін ауласы абаттандырылмаған 64 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары орнатылуда. Сонымен қатар, 43 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары мен балалар ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға биылғы жылы әр ауданның бюджетіне бөлінген 1 млрд теңгеден 800 миллионнан астам қаржы қаралған. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Шымкент қаласындағы Мұнай өңдеу зауыты медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетті. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті. Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, ...
Читать далее »КАРАНТИН ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАН БАЗАРҒА ӘКІМШІЛІГІК ШАРА КӨРІЛДІ
Бүгін Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топтың аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға карантиндік талаптарды қатаң сақтауы бойынша мониторинг жасап, кәсіпкерлік нысан иелеріне карантин талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарда міндетті түрде бетперденің, кіре берістерде дизенфекциялық өткелдің, антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында «Авто-Нұр» базарының әкімшілігіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін Абай аудандық көрсетілетін қызметтер мен тауарлар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң сынға алып, тиісті басшылардан бұл салада тәртіп орнатуды талап етті. Шымкент аумағына қоқыс контейнерлерін орнату бойынша өткен жиында қала басшысы тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмыстарына деген наразылығы көп екенін айтты. «Қаланы аралау барысында коммуналдық қызметтер жұмысының өте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Көптеген қоқыс алаңшаларына санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді. Ал ...
Читать далее »195-ОРАМДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ
Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді. Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ 3 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕДІ
Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады. Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар. Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, ...
Читать далее »