Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕГІ АРНАЙЫ ШЕБЕРХАНА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУДА

Шымкент қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеңіл түрдегі еңбек, кәсіптік дағдылар үйретіледі. Орталықта ем қабылдаушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттілеріне қарай 4 сағат көлемінде еңбек-емдеу терапиясы тағайындалған. Дәрігер-психиаторлардың нұсқауымен олар қолөнер бұйымдарын жасауда. Орталық мамандары емделушілер арасында бес саусағынан өнер тамған жандардың жетерлік екенін айтады. Әсіресе тері, былғарымен жұмыс істеуде ерекше қызығушылық танытады екен. — ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ КИЕЛІ ОРНЫ- ҚЫЗЫР МҰНАРАСЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында орналасқан Қызыр мұнарасы аумағы тазаланды. Тазалық шарасына Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімі, қалалық туризм басқармасы, Shymkent Tourism center орталығының қызметкерлері, Шымкент аграрлық-техникалық колледж студенттері мен Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Мухлиса Илхамжанова, тәлімгер: » Жас ұлан» ұйымына мүше оқушыларымен тазалық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ТРАНСПЛАНТОЛОГ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕКОРДТЫ ЖАҢАРТҚАН

Елімізде ағзасы жарамай, транспланталогиялық отаны қажет ететін науқастар саны көбеюде. Ал сол сырқаттанған науқастарға жаңа өмір сыйлайтын трансплантологтар елімізде ғана емес, ТМД елдері арасында саусақпен санарлықтай. Солардың бірі – Абылай Донбай. Ол 11 жылдан бері медицина саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері. Алтын қолды хирург 600-ден аса науқасқа операция жасаған. Хирургия бағытына ...

Читать далее »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 259 МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы мектептерде 7 242 кезекші сыныпта 100 477 оқушы, қашықтықтан 104 393 оқушы білім алып жатыр. Өкінішке орай 65 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды (онлайн-46, оффлайн-19). Осыған орай №1, 6, 18, 22, 35, 49, 66, 99, 104, 108 мектептері карантинге жабылды. Десек те аталған мектеп оқушылары 100 пайыз қашықтықтан білім алуда. Бұл жылы мектептер 259 жаңа модификацияланған кабинетпен толықпақ. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Беларусь астанасы Минскте фристайл-акробатикадан Әлем кубогы аяқталды. Жарысқа Қазақстан құрама командасы қатысып, нәтижесінде жерлестеріміз Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева синхронды секіруде қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, шымкенттік спортшы Маржан Ақжігіт Әлем кубогының күміс медалін қанжығалады. Ал беларустық Анна Гуськова мен Анна Деруго әлемдік жарыстың жеңімпаздары болып танылды. ⠀ Айта кетейік, могул және шаңғы акробатикасы бойынша биылғы әлем чемпионаты Алматыда өтеді. Байрақты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АЛҒАШҚЫ ТӘУЛІКТЕ 180 АДАМҒА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

Шымкент қаласында 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Алғашқы тәулікте 180 азаматқа вакцина салынды. «Вакцина салдырған азаматтардың денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін жанама ешқандай әсері байқалған жоқ»,- дейді медицина мамандары. Айта кетейік, Шымкент қаласына “Спутник-V” вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Екпе егу жұмыстарын жүргізу қаладағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Үшінші мегаполистегі №89 IT мектеп-лицейінде «Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен жалпы орта мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнирге қатысуға, яғни қалалық кезеңге жалпы 52 топ, оның ішінде қазақ лигасына 34, орыс лигасына 12 өтінім түссе, ағылшын лигасына 6 топ турнирге қатысты. Жалпы 100-ден астам қала мектептерінен 40-қа жуық оқушы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ

Шымкентте коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Бұл үшін қалаға аталған вакцинаның 1000 дозасы жеткізілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы вакцина қабылдаған алғашқыларының бірі болды. №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы жақсы. «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы қалалық қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ ӘЛЕМДІК КЛАССИКАҒА БЕТ БҰРДЫ

Шымкент қаласында опера және балет театры әлемдік классиктермен әріптестік орнатып, шеберлік сабақтарын алуда. Бұл қалада опера өнерінің өркендеуі мен әрмен қарай дамуына ықпал етпек. Осы орайда опера театры БАҚ өкілдерін игі істердің бастамысымен таныстыру мақсатын баспасөз турын өткізді. Майра Мұхамедқызы бастаған өнер ұжымы БАҚ өкілдеріне театрдың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Өнер ордасындағы оркесторға Италиядағы Карло Феличе театры қорының көркемдік жетекшісі, халықаралық опера ...

Читать далее »

TOLEM ЖҮЙЕСІ ІСТЕН ШЫҚСА, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАСЫЗ

Шымкент: TOLEM жүйесі істен шықса, қоғамдық көліктерде тегін жүруге болады. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады. «Құрметті қала тұрғындары! 1 ақпаннан бастап ТӨЛЕМ жүйесі істен шыққан жағдайда, қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететін хабарлаймыз».-делінген хабарламада.

Читать далее »