Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті. – Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды. Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде ...
Читать далее »Мәдениет
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы онлайн өтті. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамында «ҚазҚайтажаңарту» РМҚК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Халықаралық Орталық Азия зерттеулері институты, Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, ЮНЕСКО-ның ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ 120 ШӘКІРТ ТӘЛІМ АЛУДА
Жақында Тұңғыш Президент күніне орай ашылған «Нұрсәт» өнер мектебі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы аясында негізі қаланған. Жаңадан бой көтерген мектеп 150 орынға арналған. Бүгінде 120 шәкірт хореография, көркем-сурет, хор және вокал, аспаптық, сахналық және шешендік өнер түрлері бойынша тәлім алуда. Сондай-ақ жас өнерпаздар қолөнер түрлері мен спорт, мультимедиа, IT ақпарат технологиясы бойынша тәжірибесін шыңдайды. Балалар өнер мектебіне 5 жастан бастап қабылданады. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Бүгін Шымкентте белгілі жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың шығармашылық кеші өтті. Әдеби кешке өңірдің бірқатар зиялылары, автордың тұрақты оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты. Рухани-танымдық маңызы зор іс-шараны айтыскер ақын Біржан Байтуов жүргізді. Ең алғаш сөз алған жас мархабаттанушы, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің 2 курс студенті Жамал Анарбай автордың шығармашылығына терең бойлап, биыл ғана жарық көрген «Түркілер ...
Читать далее »ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫП (БЕЙНЕ)
«Дәстүр мен ғұрып». Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңадан қосылған арнайы жобасы. Мақсаты – көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Бұл жобаның іске асырылуында «Салт дәстүр және әдет ғұрып» орталығының қосқан үлесі ерен. Еліміздегі тұңғыш бірегей орталық ...
Читать далее »«НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Үшінші Мегаполисте 150 балаға арналған өнер мектебі ашылды. Бүгін аталған «Нұрсат» өнер мектебіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысып қайтты. Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек. Өзгеге ұқсамайтын саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады. Мұнда домбыра, би, ән, қобыз ...
Читать далее »ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД
Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ...
Читать далее »ӨНЕР ЕШҚАШАН ӨЛМЕЙДІ (БЕЙНЕ)
Шымкенттік шебер Ринат Гафуров кәдімгі ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Оның қолынан шыққан туындыларға сұраныс көп. Ісмер ата кәсіпке түбегейлі ден қойғанына 8 жылдан асыпты. Қазір өзінің жеке шеберғанасы бар. Онда ағаштан иіп түрлі ұлттық бұйымдар жасайды. Болашақтағы арманы Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры » атты мақаласында айтқан ұлттық өнерді дамытып, ұрпаққа жеткізу. Мұндағы барлық бұйымдар – авторлық жұмыстар. Олар ағаштан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ СҮГІР ӘЛІҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
Бүгін үшінші мегаполисте шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі — Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. – Сүгір бабамызға қаламыздың әдемі ...
Читать далее »ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІ (БЕЙНЕ)
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жаңа идеялар ел болашағын баянды етпек. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктеп, ұлы мақсаттарға жетелейді. Маңызды құжатта тапсырылған міндеттерді Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мүлтіксіз орындап келеді. Оқу орны жас ұрпақ бойына ұлттық өнерді сіңіріп, насихаттауда. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Ұлт тарихындағы уақытқа талдау жасап, генетикаға мән ...
Читать далее »