Рухани жаңғыру

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ҚАЗЫБЕК ҚҰТТЫБАЕВ

16 наурызда ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, бірқатар құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Осыған орай, соңғы бір айдан бері тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жолында еңбектеніп жүрген шымкенттік батырлар туралы баяндауды жөн санап отырмыз. Бүгін Шымкент қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі 8-ротасының аға инспекторы Қазыбек Құттыбаев туралы баяндасақ. 28 жастағы азамат 2015 жылдан ішкі істер органдары жүйесінде еңбек ...

Читать далее »

«ҮЙДЕ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЖОБАСЫНА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ҚАТЫСУДА

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «үйде бірге оқимыз» байқауына 600-ге жуық оқырман қатысамыз деп белсенділік танытып отыр. «Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында челлендж бастау алды. Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені ...

Читать далее »

«ӘЛЕМ ОЙШЫЛЫ-ӘЛ ФАРАБИ» МҮШАЙРАСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» ғұлама ғалым, «Екінші Ұстаз» атанған Әбу Нәсір Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлем ойшылы – Әл Фараби» атты мүшәйра жариялады. Мүшәйра шарттарына толығырақ тоқталсақ: Мүшәйра мақсаты: Ғылымның барлық салаларында өлмес мұра қалдырған дана ойшыл Әл-Фарабидің өмір жолын, адамзатқа ортақ құнды қазыналарын, ғылыми еңбектерін өлеңге арқау етіп, көпшілік қауымға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 41 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ СЫРТ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРДЫ

«2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды. Ертеректе салынған үйлердің сыртын ...

Читать далее »

«ЖЫРЫМ СЕНСІҢ ТУҒАН ЖЕР!» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Жырым сенсің, туған жер!» онлайн өнер байқауы жалғасуда. Байқаудың мақсаты — дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттарды өнерге баулу және олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Байқаудың өткізу тәртібі мен шарттары: Байқау 3(үш) номинация бойынша өтеді: — эстрадалық вокал (7-15 жас) — аспапта орындаушылар (7-15 жас) — поэзия ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ ЖУЫҚ ӘСКЕРИ МІНДЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да шынайы қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр. Бейбіт күні әскерге шақыртылған сарбаздар қалада залалсыздандыру жұмысына қатысады. Оған қоса санитарлық бұғаттау бекеттеріне көмекке барады. Қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков бүгіннен бастап іске кіріскен 100-ге жуық ...

Читать далее »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ

Бүгін «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанына үш жыл толды. Қазақстандық қоғамдық даму институты қорытынды жасап, таяудағы болашаққа арналған бағдарламаны жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың айтуынша, бүгінде институт тек алдын ала қорытынды жасай алады, себебі «қоғамдық сананы өзгертудің сапалық көрсеткіштері туралы тек 5-10 жылдан кейін айтуға болады». ...

Читать далее »

Бата беру дәстүрі, түрлері

Бата – қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға қойдың құлағын үлестіреді. Бұның бір жағында үлкенді сыйлау жатыр және ізгі ...

Читать далее »

«Бесқонақ» немесе «от амалы»

Сәуірдің ортасына қарай елімізде күн салқындап, жаңбыр, тіпті қар да жауып жатады. Мұны қазақ «бесқонақ» немесе «от амалы» деп атаған. Ежелде қазақ «бесқонақтың» алдында айға қарап көкке шыққан. Сәуірдің 5,6,7-сі күндері ай тоғысады. Осы үш күндегі ай тоғамына қарап, қазақ алдағы бір жылдың ауа райын болжап отырған. Осы ай тоғысынан кейін көп ұзамай «бесқонақ» басталады. Бесқонақтың басталу уақыты әр өңірде ...

Читать далее »

ЕРІКТІЛЕР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Шымкентте қалалық Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер ұйымдары аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгін «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшелері қашықтықтын оқытуға мүмкіндігі болмай отырған бірқатар отбасыға теледидарлар мен азық-түлік себеттерін тарту етті. «Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық оқушылар қашықтықтан оқу жүйесіне көшкені мәлім. Еріктілер үйінде теледидардың жоқтығынан сабаққа тұрақты қатыса алмай отырған балалардың бар екенін анықтап, бүгін 4 отбасыға қуаныш ...

Читать далее »