Мәдени Астана

ҚАЛА ӘКІМІ ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 874,5 млн. теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді. Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған ...

Читать далее »

ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫП (БЕЙНЕ)

«Дәстүр мен ғұрып». Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңадан қосылған арнайы жобасы. Мақсаты – көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Бұл жобаның іске асырылуында «Салт дәстүр және әдет ғұрып» орталығының қосқан үлесі ерен. Еліміздегі тұңғыш бірегей орталық ...

Читать далее »

«НҰРСӘТ» ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Үшінші Мегаполисте 150 балаға арналған өнер мектебі ашылды. Бүгін аталған «Нұрсат» өнер мектебіне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысып қайтты. Қазіргі күні өнер-білім орталықтарының көбейгені рас. Бұл жастардың өнер мен білімге деген сұранысының жоғары екенін білдірсе керек. Өзгеге ұқсамайтын саз мектебінің негізінде құрылған тәрбие ошағы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды үйретуді мақсат тұтады. Мұнда домбыра, би, ән, қобыз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі республикалық «Кітап FEST» фестивалін ұйымдастырды. Көрме орталығындағы өткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауім өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, іс-шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде қоғамдық көлік саласына ақпараттық-технологиялық жүйелерді енгізу — басым бағыттардың бірі. Басқарма басшысы Әсет Маратұлының айтуынша, пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі нәтижесінде қалада қиылыстардағы көлік қозғалысы тиімділігі 42-48 %-ға артып, кептелістер санының азаюы, өткізу ...

Читать далее »

ӨНЕР ЕШҚАШАН ӨЛМЕЙДІ (БЕЙНЕ)

Шымкенттік шебер Ринат Гафуров кәдімгі ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Оның қолынан шыққан туындыларға сұраныс көп. Ісмер ата кәсіпке түбегейлі ден қойғанына 8 жылдан асыпты. Қазір өзінің жеке шеберғанасы бар. Онда ағаштан иіп түрлі ұлттық бұйымдар жасайды. Болашақтағы арманы Елбасы «Ұлы даланың 7 қыры » атты мақаласында айтқан ұлттық өнерді дамытып, ұрпаққа жеткізу. Мұндағы барлық бұйымдар – авторлық жұмыстар. Олар ағаштан ...

Читать далее »

ДЕНДРОСАЯБАҚТА 20 ИНТРОДУЦЕНТ АҒАШ-БҰТАЛАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында өсімдік қорын молайту, күтіп-баптау жұмыстары жалғасын табуда. Таяуда сирек кездесетін ағаш-бұталар мен ағымдағы жылы алып келінген 20 интродуцент тұқым түрі (гортензия литл лайм, спирея японская, снежноягодник розовый, берёза бумажная, берёза белая, берёза повислая, унаби, барбарис обыкновенный, барбарис черный, тюльпан грейга, павлония, т.б., ағаш-бұталары) арнайы ыдыстарға отырғызылды. Қыс мезгілінде оларды кеңсенің зертхана бөлмесінде өсіру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СҮГІР ӘЛІҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін үшінші мегаполисте шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі — Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. – Сүгір бабамызға қаламыздың әдемі ...

Читать далее »

Қ.ТОҚАЕВ: «ШЫМКЕНТТІҢ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЗОР ЖЕТІСТІК»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысушыларды құттықтауы «Ардақты ағайын! Құрметті шымкенттіктер! Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ...

Читать далее »