Негізгі

Шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздік туралы еске салды

Көптен күткен жазғы демалыс та жақындап қалды. Балалар табиғатта, соның ішінде су қоймаларында көп уақыт өткізіп, шомылу маусымы да басталып қалады. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері және жастар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қала тұрғындарын, оның ішінде балаларды акваторияда қауіпсіз демалуға дайындау мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізеді. Қарасу өзенінің бойындағы бірлескен рейд кезінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының жастары ТЖ қызметкерлері ...

Читать далее »

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

9 мамыр — Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ халық қалаулысы, партияластар ардагерлер шаңырағына бас сұқты. Бүгінде Шымкентте үш-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі-Нина Мосунова. Қария биыл 99 ға келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын алған. Сонан 1943 жылы Можайск ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындардың өтініш- шағымын тыңдауға Шымкент қаласы Қоғамдық келісім КММ басшысы Ербол Байқонақов, «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыр, тұрғын үй және мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер басқармасының маманы қоса шақырылды. Бұл күні жоғарғы оқу орнының ұстазы Ғалымжан Танабаев сұрақтарымен жүгінді. Қызықты әңгіме өрбіп, шығармашылық ізденісімен ...

Читать далее »

КОНГРЕСС- ХОЛЛ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Партияның республикалық, қалалық бақылау комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топ бүгін Қаратау ауданына қарасты құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты. Партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, бой көтеріп жатқан нысанның бірі-Шымкент сити шағынауданында орналасқан Конгресс-холл. 5 блоктан тұратын 3 қабатты ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған екен. Мердігерлердің айтуынша, ...

Читать далее »

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері бүгін мегаполистегі аяқталған және салынып жатқан білім беру мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Анығырақ айтсақ, партияластар М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы және Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимараттарының құрылыс жұмыстарын тексерді. Білім ордаларына қалалық маслихат депутаттары, қалалық партиялық бақылау комиссия мүшелері, білім беру және құұрылыс басқармасының басшылары және бұқаралық ...

Читать далее »

2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛУДЕ

Жастарға арналған жеңілдетілген кредиттер несие бизнесті бастау немесе кеңейту үшін беріледі. 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Бұдан бөлек, грант беру құралдары жасалмақ. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы алуға болады. Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 (жеті) жылғы дейін; басқа бағыттар ...

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, тиісті басқарма мамандары, қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев бастаған партияластар, кеңес мүшелері қатысты. Отырыста биылғы жылдық жоспарға сәйкес Жол картасының орындалуы бойынша Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт, Білім беру басқармаларының ...

Читать далее »

«АЙНА» БАЗАРЫНДА ЖАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Жастарға кеңес» консалтинг орталығы «Айна» базарында жастарға түсіндірме жұмыстарын жалғастырды. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасын іске қосқаны белгілі. Жоба аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейуде. Бұл жолы көшпелі кеңес Еңбекші ауданына қарасты «Айна» базарында өтті. Консалтинг орталығына келген базарға келуші жастар баспана алу немесе психологиялық көмек, ...

Читать далее »

ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиева «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті қабылдауда баласының біліміне алаңдаған ата-ана, жұмыс іздеген мұғалім, мектеп басшылығына шағым айта келген бұқара болды. Бірі мектепке жұмысқа орналасуға өтініш айтып, бірі бүгінгі таңдағы білім беру саласына алаңдап, цифрландыру саласы бойынша кешендік жүйеге қатысты ұсыныс жасады. Сондай ақ, білім беру саласындағы өзге де ...

Читать далее »

ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Қарияларымыз – қазынамыз деген аманаттықтар ардагерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді өз борышымыз деп қабылдап келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы партияластарымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қарттардың халін сұрап, көңіл бөлуді өзгелерге үлгі етуде. Бүгін партияның жастар қанаты Ұлы Отан соғысының ардагері Мосунова Нина әжейдің шаңырағына барып, үй шаруасына көмектесті. Жасы жүзге таяған қарт ана Нина Мосунова- Ұлы Отан соғысының ...

Читать далее »