Негізгі

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрт аудандық бөлімдерінде де арнайы құрылған жұмысшы топтар әлеуметтік маңызы бар объектілерінде тауарлардың бар болуы және олардың бағаларына мониторинг жүргізуде. Арнайы жасақталған топ сауда орталықтары, базар, дүкен, дәріхана, жанар- жағармай бекеттеріне зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг барысында мәселен, Еңбекші ауданында орналасқан “Magnum” сауда орнында күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді. Азық-түлік дүкендерінде тауарлардың сатылымдағы бағаларына ...

Читать далее »

«AMANAT» ІСКЕ КІРІСЕДІ

19 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындысы толық шығып бітті. Мәжіліске пен жергілікті мәслихаттарға партиялық тізіммен және бір мандаттық округтерден сайланған депутаттар белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытынды бойынша, «AMANAT» партиясы ҚР Парламентінің Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында 53,46% дауыспен жеңіске жетті. Соған сәйкес депутаттық мандаттар бөлініп, «AMANAT»-қа – 40, «Ауыл» партиясына – ...

Читать далее »

1,5 МИЛЛИОН ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық фронт офисінде партияның сайлауалды бағдарламасын талқылауға арналған жастармен кездесу өтті. Партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Бекайдар Төлегенотың төрағалығымен өткен жиында «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары, онда қозғалған мәселелердің маңыздылығын талқыланып, бұл бағдарламаны орындау арқылы қол жеткізілетін нәтижелер айтылды. Басқосуда айтылғандай, AMANAT – әрқашан халықпен бірге болып, сайлаушылармен етене араласып келе жатқан партия. Өткен ...

Читать далее »

ЕҢБЕК АДАМЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Бүгін «Алғыс айту күніне» орай «Еңбек батырларына алғыс» атты мерекелік фотокөрме өтті. Фотокөрменің мақсаты — жастар арасында атаулы күннің мән-маңызын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпаққа мерекенің идеологиялық құндылығын жеткізу және батырларымызды жан-жақты дәріптеу. Іс-шара аясында белгілі тұлғалардың, түрлі салада жетістікке жеткен азаматтардың суреттері мен өмірі жазылған стендтер қойылды. Сонымен қатар, фотокөрме соңында сауда орнына келуші тұрғындар «Алғыс айту күнінде» ізгі тілектері ...

Читать далее »

САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНА ҮНПАРАҚТАР ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы сауда орталығында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша қала тұрғындарына сауал қою арқылы ашық микрофон іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Абдукаримов Мақсат Серікұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Позылов Бақытжан Жолдасбекұлы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы және белсенді жастар үгіт-насихат парақшаларын тарата отырып, сауалнама жүргізді. Үміткерлер үнпарақтар тарату барысында тұрғындардың ...

Читать далее »

«Рухтастар» партиясының сенімді өкілдерімен кездесті

Бүгін сайлауалды бағдарламаның өзектілігі мен тиімділігін жеткізу үшін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Қожамжарова Дария Пернешқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Юсупова Алия Махсутқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласы мәслихатының депутатығына кандидат Қобланова Нургул Турезқызы, «Шымкент қаласы мәслихатының депутатығына кандидат Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы ...

Читать далее »

«ҚАЙСАР» ПАТРИОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БАСҚОСУЫ ӨТТІ

Бүгін «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы аясында Шымкентте кезекті жиын өтіп, онда жастар қаламыздағы Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi (Ұлы Отан соғысына теңестірілген), ардагер Абдурашид Тұранқұлов және Маханбетқали Ахметовпен жүздесті. Жиында ардагерлер өз тәжірибелерін бөлісті, жастарға кеңес берді. Патриоттық тәрбиенің жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін айтты. Кездесу соңында жастарға ақ батасын берді. Шымкентте бүгінде Семей ядролық полигонының 600-ден астам ардагері тұрады. ...

Читать далее »

Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады – Елнұр Бейсенбаев

Бүгін «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Ол іс-шара барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.   Атқарушы хатшы қазіргі таңда партия өз сайлауалды бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді.   «Бұл жұмысқа Мәжілістің экс-депутаттары, партия жанынан құрылған кеңестердің мүшелері, білікті саясаттанушылар, экономистер тартылды. Ал сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады. Партияның Жарғысына сәйкес, бағдарламалық құжаттарды қабылдау ...

Читать далее »

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРІЛДІ

Бүгін AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында баспасөз брифbнгі өтті. Шымкент қаласының экс-мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Жадыра Танатарова партияның республикалық Саяси кеңесінің мүшесі ретінде фракцияның атқарған жұмысы жайлы есеп берді. 2021 жылы сайлаудан кейін «Аманат» партиясының фракция мүшелері Шымкент қаласының мәслихатындағы 30 мандаттың 24 орнын иеленіп, аса басымдықпен депутаттық корпусты қалыптастырғаны белгілі. Жадыра Нағашыбайқызы: «Сайланғанына 2 жыл ...

Читать далее »

«ЖЕР АМАНАТЫ» комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Абай ауданы Көкбұлақ тұрғын алабында өткен отырыс Шымкент қаласында заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша ұйымдастырылды. Тұрғындармен әңгімелесу кезінде комиссия мүшелері өңірде ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша «Жер аманаты» комиссиясының көмегімен 600 га жер мемлекет ...

Читать далее »