Архив меток: құрылыс

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бекет батыр мен Ташенова көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің құрылысы қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда екінші қабаттың плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Ғимаратты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлінді. Жөнделуге тиісті 256 нысанға жалпы ұзындығы 418 шақырым жол, 7 көпір, 2 жолайырық, 1 оң жақ өткел мен 1 жерасты өткелі жатады. Нәтижесінде биыл 240 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. ...

Читать далее »

«5-10-20» ЖОБАСЫ: ӘР ӨҢІРДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРШЫ МЕТРІНІҢ БАҒАСЫ АТАЛДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды аталған банктің баспасөз қызметі. «5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Олар: Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтық объектілер: сауда, қызмет көрсету, қаржы және т.б.  Өнеркәсіптік аумақтар, әуежай, аулалық балалар алаңдары және басқа да объектілер санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізе отырып;  Медициналық орталықтар қызметі, ...

Читать далее »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 300 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар. Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі — ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 107 ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкентте 107 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік парақшасында жариялады. – Бүгін Шымкентте ерекше іс-шара өтті. Тұрғын үй кезегінде тұрған 107 азамат пәтер кілтін алды. Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар. Карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршасына пәтер кілті мен құттықтау хаттарды пошта арқылы жеткізуді жөн деп таптық. Жыл ...

Читать далее »

КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

2020 жылы қаланың Қайнарбұлақ, Самал-3 шағын аудандарындағы 20-ға жуық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жұмысы ерте басталған кей жолдарға асфальт төселіп, халықтың игілігіне беруге дайын. Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шахардың шеткі шағынаудандардағы жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Нақтырақ айтқанда, биыл Қайнарбұлақ шағынауданындағы Төлебай Құрсабек, Садовая секілді алты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта қазынадан 997 милион ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШІН ҚАЛАДЫ

Қаламыздағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады. Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Х. Досмұхаметов атындағы №4 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алғаш білім ошағының іргетасы 1939 жылы қаланған. Кейіннен 1991 жылы жаспарлас ғимарат бой көтеріп, мектеп кеңейе түскен. 1200 орындық білім ордасында бүгінде «Югстрой сервис-Н» құрылыс компаниясы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен қатар, білім ошағында жаһаздар, оқушы партасы да жаңартылады. Сондықтан, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АЛТЫ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА КЕЛІСІМШАРТ ТҮЗІЛДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. — Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы есебінен 7 мың 20 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (8,5 млрд.теңге). Оның ішінде 9 мектеп биыл пайдалануға беріледі. 7 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылысы келесі жылдан басталады. Сонымен қатар, жан басына ...

Читать далее »