Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру. Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошуралар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды. — Қоғамда суды үнемдеу ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Жаңа саябақ Әкімшілік-іскерлік орталығында салынады деп жоспарлануда. Қазір саябақтың жобасы талқыланып жатыр. Шымкент қаласы құрылыс басқармасы өз кезегінде мердігер мекеме басшыларына жаңа саябақты ағымдағы жылы тапсыруға ұсыныс білдіріп отыр.
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПƏТЕРЛЕР БЕРІЛМЕК
Үшінші мегаполисте «Өз үйім» бағдарламасы аясында пәтер беріледі. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласы филиалы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім етті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында пəтерлер ұсынады. Тұрғын үй кешені, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Нұрсəт мөлтек ауданында орналасқан. «Бақыт» тұрғын үй кешенінде (2-ші кезекте) шаршы метрі 180 000 теңгеден болатын арнайы бағамен сатылатын ...
Читать далее »Ұлы Даладағы рухани-мәдени интергация үдерісіндегі Алтын Орда мемлекетінің орны мен рөлі
Шымкентте «Ұлы Даладағы рухани-мәдени интергация үдерісіндегі Алтын Орда мемлекетінің орны мен рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 100 жаңа оқулық залында ұйымдастырылған кездесуге Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі және Шымкент қалалық «Рухани Жаңғыру» бөлімінің мамандары, аталмыш оқу орынының профессор-оқытушылары, студент жастары ат салысты. Кездесуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығын» атап өту туралы бастаманың ...
Читать далее »Қымыздың жыл маусымына қарай түрлері
Қымыз – исі қазақ қатты қадірлеп, мейірі қана ішетін ұлттық сусынның бірі. Бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық сусын бұл күнде әлі де құндылығын жоғалтқан емес. Ал осы сусын сақтайтын мерзіміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтар болсақ жыл маусымына қарай қымыз түрлері: * Уыз қымыз- бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылатын қою қымыз; *Сары қымыз- жаз ортасындағы, шөп ...
Читать далее »16 жастағы қазақстандық зілтемірші әлемдік рекорд орнатты
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ұлдар, қыздар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. Сондай-ақ қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасында серпе көтеру жаттығуында әлемдік рекорд орнатты. Азия біріншілігіне елімізден 10 спортшы қатысқан ...
Читать далее »«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА 742 ІС-ШАРА ӨТКЕН
Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында құрылған ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында спикер, «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева бағдарламаны іске асырудағы 2019 жылы ұйымдастырылған іс-шаралар, негізгі жобалар және 2020 жылға арналған кешенді ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «КӨКТЕМ-2020» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасы дағдарыс орталығы басшысының орынбасары Ерғали Бахаевтың басшылығымен жиналыс өтті. Кездесуге қалалық басқармалар мен ұйымдардың басшылары, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары және жедел әрекет ету топтарының командирлері қатысты. Олар «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуына дайындық жайын талқылады. Ерғали Жарасбекұлы жаттығу жоспарымен таныстырып, көктемгі төтенше жағдайлар туындаған кезде қолданылатын күштер мен құралдарды нақтылап берді. Алдағы жаттығуларға барлығы 200-ге жуық ...
Читать далее »Бензин тасымалдайтын көлік аударылып кетті
Бүгін түскі бірлер шамасында жанаржағармай тасымалдайтын көлік аударылып кеткен. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлайды. Оқиға Бозарық тұрғын алабындағы айналма жолында орын алған. Тасымалдау машина жалпы сыйымдылығы 23 тонналық «Камаз»(бензовоз) жүк көлігі «Гелиос» ЖШС-на қарасты. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік бір бетіне аударылып, көліктегі АИ-95 маркалы бензин төгілген. Оқиға орнында өрт ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЕШКІ СҮТІН ӨНДІРЕТІН ФЕРМА АШЫЛМАҚ
Шымкенттегі «Бәйтерек Агро» АӨК-і бүгінгі таңда мал бордақылау және тауарлы сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Кешенде 1800 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Кешеннің аумағы: 300 га егістік және жайылым (аренда), 14 га қоражайдан құралған. Кешеннің негізгі өндіріс саласы — ірі қара мал бордақылау, тауарлы сүт фермасы, сүт қабылдау, қайта өңдеу, және мал сою орны болып табылады. Кәсіпорын тәулігіне ...
Читать далее »