Архив меток: салт

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ «ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫ — ШЫМКЕНТТЕ

Еліміздегі жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы Шымкент қаласында орналасқан. Дәстүрімізді дәріптеп, киелі құт орынға айналған бұл орталық 2014 жылы ел игілігіне берілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаға жасаған іссапары кезінде ашылуына арнайы қатысқан. Бұл мекеме республиканың өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей, ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын орталық болып табылады. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және ...

Читать далее »

ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҒҰРЫП (БЕЙНЕ)

«Дәстүр мен ғұрып». Рухани жаңғыру бағдарламасының жаңадан қосылған арнайы жобасы. Мақсаты – көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Бұл жобаның іске асырылуында «Салт дәстүр және әдет ғұрып» орталығының қосқан үлесі ерен. Еліміздегі тұңғыш бірегей орталық ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ...

Читать далее »

КӨКПАР-ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: «көк бөрі» немесе «көк бөрте». Тағы бір нұсқасында «көкпар» сөзіндегі «пар» бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. Көкпар тарту ойындары тек қазақта емес, Орталық Азия елдерінің кейбір елдері: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің ...

Читать далее »

АШАМАЙҒА МІНГІЗІП, ҰЛ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГЕЙСІҢ…

Көшпенді қазақ халқында төрт-түлікпен, соның ішінде жылқы малымен байланысты жөн-жоралғылар өте көп. Баласына бәсіре ретінде тай атайтын салттың бірі – ашамайға мінгізу. «Ашамайға мінгізіп, Көш алдына жүргізіп, Алашқа атын білгізіп, Ұл қызығын көргейсің» деген көне жыр жолдарына қарағанда бұл дәстүр біздің халықта ерте заманнан қалыптасқан. Сонда осы «Ашамайға мінгізу» салтының құндылығы неде, жас балаға қандай тәлім-тәрбие береді? Бала 6-7 жасқа ...

Читать далее »

«ЖАРЫСҚАЗАН» ҒҰРПЫ

Баласынан сүйген немересінен асқан қуаныш, бақытты білмейтін ене келінінің бойына бала біткенін байқағаннан-ақ асты-үстіне түсіп, барынша жағдай жасап, күтуге тырысады. Сәбидің дүниеге келгенін асыға күткен енесі келінін толғақ қыса бастағанда жарысқазан ғұрпын атқарады. Келінінің бала көтергенін сезген ененің кеудесін қуаныш кернеп, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ет жақындарын жиып, құрсақ тойын жасаған. Құрсақ тойына келген әр әйел шашуын ала келіп, келінге ақ тілектерін ...

Читать далее »

ТАБАҚ ТАРТУДЫҢ ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ

Қазақ халқында сонау заманнан сақталып келе жатқан үрдістің бірі- табақ тарту. Рәсімнің түрлері де өте көп. Кейбір деректерге сүйенсек, қонаққа тартатын табақтың саны 50-ге жетіп қалады. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ. Табақ тартудың түрлеріне тоқталмас бұрын рәсім жайлы айтып өтсек. Қазақта табақ тартудың айшықталған көрінісі орта ғасыр дәуірінде ...

Читать далее »

АУЫЗҒА ТҮКІРУ ЫРЫМЫ

Ауызға түкіртіп алу -аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Қазақтың бұл ырымы ел ішінде әлі де жасалып келеді. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға ...

Читать далее »