Вирус жұқтырған 1973, 1965, 1991, 2001, 1984, 1964 жылы туған азаматтар. Оның ішінде бес ер азамат және бір әйел бар. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға ...
Читать далее »Архив меток: чс
БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Шымкент қаласы аумағындағы базарлар 12 мамырдан бастап (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) сағат 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. Сонымен қатар, ертеңнен бастап, таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында қоғамдық көліктер де жұмысқа кіріседі. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның ...
Читать далее »БАНК БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА
Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазіргі таңда айдың басы болғандықтан, банктерге тұрғындар зейнетақы, жәрдемақы, жалақы алу үшін көптен жиналып жатқаны белгілі. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталған. Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы «Халық Банк» бөлімшесі мен А.Асқаров көшесіндегі «Хоум банк» және «Халық Банк» бөлімшелерінен келушілерге арналған күту орындары дайындалған. Қиын-қыстау кезеңде банк бөлімшелері ...
Читать далее »КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...
Читать далее »65 ЖАСТАН АСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҮЙДЕН ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
65 жастан асқан азаматтарға және 18 жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. «Бұл ретте Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеу тапсырылды, — деді қала әкімінің орынбасары М. Исахов. Сондай-ақ, брифингте ...
Читать далее »Төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін созылды
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты. «15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ...
Читать далее »Шымкентте коронавирус жұқтырған 11 адам тіркелді
Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары. Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланды. Бүгінде Шымқалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген. Ал Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан — 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы ...
Читать далее »М. Әйтенов: Блок бекеттердегі «Жасыл дәліз» тәулік бойы жұмыс істейді
Бекеттерден тіршілікті қамтамасыз ететтін көліктер мен транзиттік машиналар еш кедергісіз өтуі керек. Бұл туралы Шымкенттегі бірқатар бекеттерді аралап шыққан Қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Жалпы халықаралық маңызға ие «Ташкент-Алматы-Термез» тас жолындағы «Ақжар» «Шымкент-Самара» бағытындағы яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосылатын «Бозарық» бекеттерін аралап көрді. Мұрат Дүйсенбекұлы бірінші кезекте барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастыруды ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ХАЛЫҚҚА ӘРБІР 2 САҒАТ САЙЫН ЖЕТКІЗІЛУДЕ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов мәлімдеді. Коронавирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жариялағаны баршаңызға белгілі. – Осыған байланысты қала тұрғындарын үйде болуды, аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және барлық санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтауға шақырамыз. Үйде тұрмыстық өрттерді, улы және табиғи газбен улануды болдырмау ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ
Шымкентте төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты. Қала әкімінің орынбасары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ...
Читать далее »