Архив меток: ҰОС

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

9 мамыр — Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ халық қалаулысы, партияластар ардагерлер шаңырағына бас сұқты. Бүгінде Шымкентте үш-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі-Нина Мосунова. Қария биыл 99 ға келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын алған. Сонан 1943 жылы Можайск ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР АГЕНТТІГІ ҰОС АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Еріктілер жылы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Игі істер уақыты» бастамасын қолға алған болатын. Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Али Аскеровты Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Али Аскеров 1942-1948 жылдары Совет армиясы қатарында қызмет еткен. Сталинград майданында 65-ші бөлімшенің бас батальон командирі болып, жауға қарсы көптеген шайқастарға қатысты. Ардақты ардагерінің қазіргі таңда 4 баласы, ...

Читать далее »

АТАДАН АМАНАТ

Биыл еліміздің аса маңызды мерекесі саналатын Ұлы Жеңіске 75 жыл. Бұл күн―неміс фашистерін ортақ Отанымыз саналған Кеңес Одағынан ығыстырған күн. Бұл күн ― әрбір қазақстандықтың бойын мақтаныш сезімі билейтін тарихи күн. Бұл күн ― ата-баба рухына тағзым етіп, аталарымыз аманаттап кеткен ел мен жерге деген ыстық ықыласты оятар күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қасық қаны қалғанша, кеудеден жаны шыққанша ...

Читать далее »

ЕР ЕСІМІ- ЕЛ ЕСІНДЕ!

Ұлы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелер әртістері мен әншілері онлайн телевизиялық түсірілім жасап, ұлы мерекемен құттықтады. Елімізде орын алған қиындықтан мойымай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ еліне үйде отырып онлайн концерт көруіне, соғыста ерлікпен қаза болған ата апаларының рухына тағзым етіп, қазіргі уақытта қасымызда қазына болған ардагер ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТЫ — ЕРЛЕР!

Шарипов Аманқұл, ҰОС ардагері ШАРИПОВ Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған. Екінші Белорусь майданында шайқасқан 875-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралған. Туған жерге келген соң алғашқы кезде Шеңгелді стансасында теміржолшы болып істеді. Кейін ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛГЕН

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты. Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ...

Читать далее »

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ!

Сұлтанбеков Нұргелді, ҰОС ардагері СҰЛТАНБЕКОВ Тұргелді 1923 жылдың 11 мамыр күні Ордабасы ауданы «Ленин туы» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, танкілі-атқыштар полкінде қызмет етті. 1944 жылы Литвадағы шекара қызметіне жіберілді. Шекарашылардың әскери жасағында 1948 жылға дейін болып, Литва қалалары маңындағы бандиттік құрылымдарға қарсы соғысты. Елге оралғаннан кейін Шымкент педагогика институтында оқып, тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Алғабас ...

Читать далее »

ЖЕҢІС КҮНІ — МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАДЫНДА

Төлебеков Қаратай, ҰОС ардагері ТӨЛЕБЕКОВ Қаратай 1924 жылдың 15 наурызында Алғабас (қазіргі Бәйдібек) ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Талғар ауылшаруашылық техникумын, Алматы жоғары партия мектебін үздік бітірген. Соғыс және еңбек ардагері. Дербес зейнеткер. 1942-1945 жылдары Калинин, Екінші Балтық майдандарында шайқасқан. Қатардағы жауынгерден взвод командирі, батальон комсоргы, әскери химик болды. 1950 жылы әскерден босап, елге оралған соң партия-совет қызметтерін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында Жеңістің 75 жылдығына орай, қырық Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне 1 млн. теңгеден беріледі. 9 мамырға ақшалай төлем ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған. Атап айтқанда, 3851 тыл ардагерге 33 336 теңге, 1490 соғыс ардагеріне теңестірілгендерге 100 000 теңге, 31 қызметтік міндеттерін атқару кезінде жараланып, мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік қауіпсіздік және ...

Читать далее »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Әлімбек Тегісбайұлы, ҰОС ардагері ТЕГІСБАЙҰЛЫ Әлімбек Амангелді ауылында 1925 жылы 1 қаңтарда туған. 1943 жылы 15 сәуірде ол Арыс қаласының әскери комисариаты арқылы соғысқа аттанды. Арыс қаласынан Чита қаласына жіберіліп, 1944 жылдың 25 қаңтарында атты әскерлер полкына алынды. 1944 жылы наурыз айында алғаш рет соғысқа қатысты. Екінші Белоруссия майданында 4-ші дивизияның 16-шы полкында қатардағы жауынгер болды. Соғысты Германияның Эденбург қаласында ...

Читать далее »