Монтекки мен Капулетти әулетінің жауластығы, Ромео мен Меркуционың адал достығы, сұлу бойжеткен Джульетта мен Ромеоның ғашықтық сезімі Шымкенттің өнерсүйер қауымы Түркістан сарайында атақты ағылшын драматургы Уильем Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын тамашалай алды. Шым шахарға Санкт-Петербургтің классикалық балет театрының әртістері осымен екінші рет келіп отыр. Әлемнің үздік ондығына енген Санкт-Петербург классикалық хореография жауһарлары мен қазіргі заманның атақты балетмейстерлерінің көрнекті жұмыстарынан ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТ: БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ӨТЕТІН КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРАБАСТАУ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ӨТЕТІН КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту барысында Қарабастау елдімекеніндегі Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы қарқын алған. Аталған көпір құрылысын “АРТ-Құрылыс” мердігері жүргізуде. Көпір құрылысы 2020 жылдың маусым айында толық аяқталатын болады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МАНГЕЛДИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Қала әкімі сапар аясында Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелері қиылысындағы орналасқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне барды. Айта кетсек, жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын мердігер «ҚазНұр-констракшн» ЖШС-і жүргізген. Жобалаушы – «Береке» ЖШС-і, техникалық қадағалаушы «Мир-Строй и Компания» ЖШС-і. Бүгінде өткелдің барлық бөліктеріне тіреулер орнатылып біткен. Тұрғындардың шығып-түсуіне қолайлы етіп ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 2019 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің 2019 жылы атқарған жұмыс нәтижелері бойынша баспасөз брифингі өтті. Брифинг барысында спикер, қалалық экология департаментінің басшысы Оразғали Егембердиев департаменттің негізгі қызметі мен экологиялық бақылау саласында атқарылған жұмыстарды кеңінен түсіндірді. Есепті жылы, жалпы 68 тексеру жүргізілді, оның ішінде 48 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы жол айрығының оң жақ өткелдерін қайта құру жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге жұмысты таяу арада бітіруде қатаң тапсырды. Одан соң шаһар басшысы Темірлан тас жолы – Мангелдин көшелері қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына барды. Өткелдің сапасына көңіл ...
Читать далее »«Ауыл шаруашылығы-AgroWorld Uzbekistan 2020»
ШЫМКЕНТ: ЖЕРГІЛІКТІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! 2020 жылдың 11-13 наурызында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Ауыл шаруашылығы-AgroWorld Uzbekistan 2020» халықаралық көрмесі өтеді. Сондай-ақ 1-3 сәуірде Ташкент қаласында «Uz-Food 2020 өндірісінің азық-түлік өнімдері, ингредиенттері және технологиялары» 20-шы мерейтойлық халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ. Көрмелер астықты қайта өңдеу және сақтау, мал шаруашылығы, құрама жем, құс шаруашылығы, ветеринария, жылыжайлар, тұқым, тыңайтқыш суару бағыттары бойынша өткізіледі. Іс-шараға ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 27 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 43 ЖОБА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
«Туған жер» арнайы патриоттық бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен жалпы құны 27 млн. теңгені құрайтын 43 жобалар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған. Атап айтқанда, 6 аз қамтылған отбасыға өз кәсіптерін ашу үшін демеушілер көмегімен 1 млн. 700 мың теңгеге қажетті құрал жабдықтар әперіліп, нәтижесінде 4 тігін цехы, 1 автокөлік жуу орны, 1 балаларға арнаулы қызмет көрсету орындары ашылды. «Туған жер» ...
Читать далее »Өлең — сөздің патшасы
Бүгін Оқушылар сарайында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Өлең – сөздің патшасы…» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қызметін кеңейту және қолданыс мәдениетін арттыру,ұлы Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген құштарлығын арттыру. Байқаудың ережесі қаладағы жоғары ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АУДАНДАРДА ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ МЕРЕЙТОЙЛАРЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛЕДІ
Үшінші мегаполистегі Әл-Фараби, Абай, Еңбекшi және Қаратау аудандарында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында 2019 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Әл-Фараби ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұлов, Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов, Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров бағдарламалық мақаладағы алты бағыт бойынша жүзеге асқан жұмыстарды және 2020 жылғы жоспарларын таныстырды. Былтыр төрт аудан бойынша да ...
Читать далее »Мәртебелі поэзия мінберінде-Қабылбек Төретайұлы
Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Қабылбек Төретайұлы оқырмандарымен кездесті. Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. 1993 жылы «Қазығұрт – қайнарбұлақ» атты жыр жинағына, 1995 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жыр кітабына бір топ өлеңдері енген. «Бас басына би болғаннан сақтасын» ...
Читать далее »