Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
Шымкент жастары Отырар тарихымен танысты
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Отырар қалашығына саяхаттап қайтты. Белсенді жастар алдымен неше ғасырлық тарихы бар, сонау Шыңғыс хан 200 мың әскерімен 5 ай бойы ала алмаған Отырар қамалын көзбен көріп, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барып бабаларға құран бағыштап, тарихи орындарды аралады. «Отырар – әлемдік өркениетте өзіндік орны бар, тарихы ...
Читать далее »Шымкент қызғалдақтар отанына айналады
Жылдағы дәстүр бойынша, сәуір айында «Қызғалдақ жолы» атты халықаралық фестиваль Шымкентте өтеді. Баршаға белгілі Шымкент биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Сондықтан, жауапты салалар қызғалдақ фестивалін ерекше өткізуді қазірден қолға алыпты. Фестиваль аясында шеберлер қалашығы құрылып, суретшілерге де бөлек алаң беріледі деп жоспарланған. Фестиваль аясында флористер дайындаған шоқгүлдер қойылып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылады. «Асқақ Алатаудың баурайы алма ...
Читать далее »Желдің салдары қалпына келтірілді
Шахардағы Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандарының бірнеше көшелерінде электр сымдары үзіліп, тұрғындар электр қуатынан ажыратылған еді. Бір күн бұрын 9 ақпанда оңтүстік-батыс бағытында жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-тен 25 метрге дейін жететіндігі туралы дауылды алдын алу ескерту болған. Десе де, көптеген көшелерде талдар құлап, электр сымдарын үзіп жіберген. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жарықсыз қалған тұрғындарға электр қуаты берілді. ...
Читать далее »Пай-Пай, қазақтың келіндері-ай
«Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» Осындай атаумен Шымкенттегі № 129 жалпы орта білім беретін мектебінде келіндер сайысы өтті. Әл-Фараби аудан аумағында орналасқан оқу ордасының ұжымы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасылық тәрбие, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мен сақтау мақсатында сайыс өткізген. Қазақ әуелден «келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жас жанның тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ...
Читать далее »Шымкент еріктілері ардагерлерге көмектесті
Қарттарға құрмет-ұрпақ парызы «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп атам қазақ бекер айтпаған болар. Қазыналы қарттарымызды құрметтеу, бүгінгі ұрпақ, біздің басты парызымыз. Осылай деген Шымкенттің бір топ ерікті жастары қаладағы Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл еңбегі ардагерлерінің үйіне барды. «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігі, Жастар ресурстық орталығы мен «Даумед» медициналық ...
Читать далее »«Ontustik Startup-2020» үздік жобалары анықталды
Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, 10 жоба финалдық турға жолдама алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік жобалар туризм, IT, ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған. Жансейітов Олжас,Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жансейітов Олжас:«Жобаның барлығы 2 этаптан өтті. Бұл үшінші этап. Бірінші және екінші этапта ұйымдастырушылармен ...
Читать далее »Шымкент әкімі Kazakh Invest компаниясының төрағасымен кездесті
Шымкент қаласына инвестиция тарту мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаевпен кездесті. Кездесу барысында Kazakh Invest компаниясының өкілдері көлік және логистика саласы бойынша бірқатар инвестициялық жобамен таныстырып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан шаһар екенін айтқан қала ...
Читать далее »Биыл 40 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы электрмен қамтылады
ымкентке жаңадан қосылған елдімекендерде жарық мәселесі өзекті проблемалардың бірі. Алдын ала тексеру жүргізген мамандар 35 елдімекенде электр сапасы төмен екенін анықтаған. Қазіргі таңда қалаға сапалы электр қуатын беру үшін 3 подстанцияның құрылысы мен 13 елдімекенде электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы 2020 жылы аталған жобаларды іске асыру арқылы 40 мыңға жуық қала тұрғындары сапалы электрмен қамтылады.
Читать далее »Шымкентте 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды
Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте қандай жұмыстар атқарылды? Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама ТӨРТ бағыттан тұрады. Бірінші бағыты. 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. ...
Читать далее »