Мәдени Астана

ШЫМКЕНТТЕ РЕПРОДУКТИВТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

Елімізге танымал репродуктивтік медицина институты Шымкент қаласында өз филиалын ашып жұмысын бастады. Бүгін аталмыш клиникаға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Бұл – жоғары репродуктивтік технологиялар саласындағы соңғы жетістіктердің көмегімен бедеулікті емдеуге арналған денсаулық сақтау саласының жаңа әлеуметтік-маңызы бар нысан болып табылады. Клиникада тиімділікті барынша арттыру мақсатында әйелдер мен ерлер бедеулігін емдеу бойынша қызмет көрсетудің толық спектрі ұсынылған. Мұнда ЭКО ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды. Ардагерге жылы лебізін білдірген қала әкімі ІІ Дүниежүзілік соғыста апа-әпкелеріміздің көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігін мәңгі естен шағармайтынын, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің біз үшін маңызы ерекше зор екенін атап өтті. Анна Федоровна майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «КӨРПЕ FEST» МЕГАФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы өтті. Мегафестивальдың ашылуында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков сөз сөйлеп, тренингке қатысушы қыз-келіншектерге сәттілік тіледі. «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, әрі оның қазіргі жетекшісі Ырза Тұрсынзада жүрекжарды тілегімен бөлісіп, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке алғысын жеткізді. «Көрме» орталығында ұйымдастырылған шараға көп балалы аналар және тігін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «БАСТЫ ТАЛАП — ЖОҒАРЫ САПА»

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен әкім жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен Нұрсәт шағынауданында 21,5 га аумақта салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап көрді. Мұнда 8 үй салынуда. Мердігер мекеме – «Арт Құрылыс» ЖШС. Компания басшысы Бекжігіт Төлендиевтің айтуынша, құрылысы 2018 жылы басталған нысан биыл маусым айында пайдалануға беріледі. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

Шымкенттіктер көктемнің алғашқы күнін ерекше етіп қарсы алды. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» Аутрич, NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері өзара қаржы шығарып, мекеме алдында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мегаполис тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дастархан жайып, ас берді. – Наурыз келді, көктемнің алғашқы күндерінің шуағына шомып, мәз-мейрам боп жүрген жағдайымызды елмен бөлісейік деген ...

Читать далее »

14-НАУРЫЗ АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНАДЫ

Самарқанның көк тасы еритін, Ұлыстың ұлы күні – Күн мен Түннің теңелетін наурыз айындағы бүкіл түркі жұртының ортақ мейрамы – Жыл басы, Жаңа жылымыз, ұлттық мерекеміз – Амал немесе Көрісу мерекесін жалпыұлттық және жалпықазақтық мейрам ретінде жаппай атап өтудің уақыты жеткендей! Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мән-маңызы қай кезде де құнын жоғалтпайтын мынадай сөздер бар: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 6000-НАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көктемнің бір белгісі – сенбілік. Шымкентте қала әкімінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындарынан тұратын бірнеше топ қала көшелерін абаттандыру мақсатында ағаш отырғызып, қоғамдық жұмыста белсенділік танытты. Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: – Қай кезде болмасын ең бірінші өз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨТЕДІ?

Щымкенттің «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі, ТМД елдері өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік Гала-концерті 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу көзделуде. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысатын болады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД-ның және республиканың мәртебелі қонақтары ...

Читать далее »

МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ-ГҮЛНӘР ӨМІРБЕК

Осы аптадағы поэзия мінберінің төріне ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын Гүлнәр Өмірбек жайғасты. Кеш барысында жастар ақынның жырларын жатқа айтып, шығармашылығы жайында сөз қозғады. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек арнайы Құрмет грамотасы мен алғыс хатпен Өмірбек Гүлнәр Есіркепқызын марапаттады. Сондай-ақ, жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 34 МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында биыл маңызды мәдени іс-шаралар көп. Бұл туралы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. «Шымкент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылу рәсімі 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткізіледі. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен Алматы, Астана қалалары мен ТМД елдерінен 300-ден астам ...

Читать далее »