Руханият

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ

4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды. Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет. ...

Читать далее »

ТОРЕ ЯНСОННЫҢ «ТІЛ ТАРИХЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкенттегі ОҚМУ-дың Филология факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының ФИ 18 3К3 тобы студенттері «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Карбозова Г.К. ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. Онлайн жүздесуде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша жарық көрген Торе Янсонның «Тіл тарихы» оқулығы» талқыланды. «Онлайн-вебинарда студенттердің ой тұжырымдары ...

Читать далее »

АҚИҚАТ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖАРШЫСЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Ақиқат пен адамгершілік жаршысы» атты конференция-вебинар өтті. Онлайн жүздесуде Ұлы ойшыл ақын Абайдың 175 жылдық мерейлі мерекесінде ол туралы ой түйіп, пікір алмасуға ОҚМУ-дың абайтанушы ғалымдарымен бас қосты. Абайтанушылар мектебінің дәстүрлі ошағы ақынның туған Отаны – Семейде қалыптасса – ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырда осындай үлкен орда еліміздің оңтүстігі – ...

Читать далее »

«ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ» ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақ ұғымында «Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Бүгінгі таңда оның сирек қолданылып, ұғымы да көмескіленіп бара жатқаны өтірік емес. Қырдағы қариялардың аузынан оқтын-оқтын естіп қалып жататынымыз болмаса, қаладағы жұрттың көбі оны әлдеқашан ұмытқан. Уикипедия дерегіне сүйенсек, бұл кез — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, он шақты күнге созылатын ауа райы құбылмалы күндер. Расында, мамырдың орта тұсында ...

Читать далее »

ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНА БІЛІКТІ МАМАНДАР ТАРТЫЛМАҚ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу ...

Читать далее »

ҚАЗАҚ КЕЛІНІ ҚАЙЫН ЖҰРТЫНЫҢ ЕСІМІН НЕГЕ АТАМАҒАН?

Қазақта жаңа түскен келін ешқашан қайын жұртының есімін атамаған. Ауыл үлкендерінен бөлек, еңбектеп жүрген балаларға дейін ат қоятын. Мұны қазақта «ат тергеу» деп атайды. «Ат тергеу» жаңа түскен келіннің байқампаздығын анық көрсетіп береді. Келін күйеуінің әпке-қарындастары мен аға-інілерін бойындағы ерекшелікті байқап, соған байланысты ат тергейтін. Мысалы, жайбасар інісін әзілдеп «жүйрігім», көп сөйлейтін балдызын «жуасым» деп атаған. Ал қарындастарын «кекілдім», «шырайлым» ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҢ ДӘСТҮРІ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

15 мамыр күні — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Отбасында ...

Читать далее »

КӨКПАР-ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: «көк бөрі» немесе «көк бөрте». Тағы бір нұсқасында «көкпар» сөзіндегі «пар» бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. Көкпар тарту ойындары тек қазақта емес, Орталық Азия елдерінің кейбір елдері: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің ...

Читать далее »

АШАМАЙҒА МІНГІЗІП, ҰЛ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГЕЙСІҢ…

Көшпенді қазақ халқында төрт-түлікпен, соның ішінде жылқы малымен байланысты жөн-жоралғылар өте көп. Баласына бәсіре ретінде тай атайтын салттың бірі – ашамайға мінгізу. «Ашамайға мінгізіп, Көш алдына жүргізіп, Алашқа атын білгізіп, Ұл қызығын көргейсің» деген көне жыр жолдарына қарағанда бұл дәстүр біздің халықта ерте заманнан қалыптасқан. Сонда осы «Ашамайға мінгізу» салтының құндылығы неде, жас балаға қандай тәлім-тәрбие береді? Бала 6-7 жасқа ...

Читать далее »

«ЖАРЫСҚАЗАН» ҒҰРПЫ

Баласынан сүйген немересінен асқан қуаныш, бақытты білмейтін ене келінінің бойына бала біткенін байқағаннан-ақ асты-үстіне түсіп, барынша жағдай жасап, күтуге тырысады. Сәбидің дүниеге келгенін асыға күткен енесі келінін толғақ қыса бастағанда жарысқазан ғұрпын атқарады. Келінінің бала көтергенін сезген ененің кеудесін қуаныш кернеп, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ет жақындарын жиып, құрсақ тойын жасаған. Құрсақ тойына келген әр әйел шашуын ала келіп, келінге ақ тілектерін ...

Читать далее »