салт-дәстүр

Бата беру дәстүрі, түрлері

Бата – қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға қойдың құлағын үлестіреді. Бұның бір жағында үлкенді сыйлау жатыр және ізгі ...

Читать далее »

ТАБАҚ ТАРТУДЫҢ ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ

Қазақ халқында сонау заманнан сақталып келе жатқан үрдістің бірі- табақ тарту. Рәсімнің түрлері де өте көп. Кейбір деректерге сүйенсек, қонаққа тартатын табақтың саны 50-ге жетіп қалады. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ. Табақ тартудың түрлеріне тоқталмас бұрын рәсім жайлы айтып өтсек. Қазақта табақ тартудың айшықталған көрінісі орта ғасыр дәуірінде ...

Читать далее »

АУЫЗҒА ТҮКІРУ ЫРЫМЫ

Ауызға түкіртіп алу -аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Қазақтың бұл ырымы ел ішінде әлі де жасалып келеді. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға ...

Читать далее »

Сәуір айындағы амалдар

Сәуір айы. Бұл – көктемнің нағыз күшіне енген шағы. Осы орайда оқырман қауымға сәуірде болатын табиғат құбылыстарына байланысты сөздердің мағынасын тарқатсақ. СӘУІР//КӨКЕК – жазғытұрым кезіне сай келетін төртінші айдың арабша аты, көкек. Сәуір сөзі араб тілінде «өгіз» деген мағынаны білдіріп, жұлдыз айлары бойынша «Торпақ шоқжұлдызының» атауы болып табылады. Бұл айдың ертеден келе жатқан қазақша аты – көкек. Айдың «көкек» деп ...

Читать далее »

15-НАУРЫЗ-ШЕЖІРЕ КҮНІ

Шежіре күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн ...

Читать далее »

БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ ДӘСТҮРІ

Қазақ халқы баланың дүниеге келгенінен бастап, қартайған шағына дейін салт-дәстүр бойынша тойлап келген. Шілдехана, бесік той, Тұсау кесер, сүндет той, Ай, шіркін ай. Құда түсіп, сырға салу, Беташарым-ай! — деген ән осыған айтылса керек. Осындай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүрлердің бірі — баланы қырқынан шығару. Жалпы қазақ халқының әр дәстүрінің артында терең мағына мен қандай да бр сыр жатыр. ...

Читать далее »

«КӨРПЕ FEST» МЕГАФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Көрпе Fest» мегафестивалі өз мәресіне жетті. Іс-шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов нәзікжандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. – Дана халқымыздың «Көктем — тіршіліктің бастамасы болса, әйел – адамзаттың бастамасы» деген сөзі бар. Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, ел экономикасының дамуына елеулі еңбек етулеріңізге тілектеспін. Осы шараға қолданбалы өнерге қызығушылар мен көпбалалы аналар ...

Читать далее »

14-НАУРЫЗ АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНАДЫ

Самарқанның көк тасы еритін, Ұлыстың ұлы күні – Күн мен Түннің теңелетін наурыз айындағы бүкіл түркі жұртының ортақ мейрамы – Жыл басы, Жаңа жылымыз, ұлттық мерекеміз – Амал немесе Көрісу мерекесін жалпыұлттық және жалпықазақтық мейрам ретінде жаппай атап өтудің уақыты жеткендей! Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мән-маңызы қай кезде де құнын жоғалтпайтын мынадай сөздер бар: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ...

Читать далее »

СОЙЫЛҒАН МАЛДЫҢ ТІСІ НЕГЕ ҚАҒЫЛАДЫ?

Бастың тісін қақпай әкелу өкпе, назды білдіретіні туралы Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабында мынадай үзінді келтіреді. «Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастархан басына отырдық. Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде: – Дастарханың толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп әсіп пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның бәрін сен жіберген ...

Читать далее »

ШІЛДЕХАНАНЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” ...

Читать далее »