Шымкентте 16 төтенше жағдай қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында жариялады. «Өкінішке қарай, барлық қабылданған шараларға қарамастан, КВИ диагнозы расталған шымкенттіктердің саны артып келеді. 21 сәуір сағат 12:30-дағы жағдай бойынша қаламызда аталған індетті жұқтырғандар саны 103 адамға жетті. Белгілі болғаны, кеше анықталған 23 науқастың 16-сы — төтенше жағдай қызметінің өкілі. Науқастармен байланыста болған адамдардың ...
Читать далее »Архив меток: карантин
САУДА ОРЫНДАРЫНДА ТӨЛЕМДЕР ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖАСАЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «COVID-19» каронавирустың таралуының негізгі тәуекелі адамдар көп жиналатын орындар, оның ішінде — банкоматтар. Коронавирустың таралуын азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі келесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдістерін қолдануды ұсынады: — банк картасымен төлеу; — мобильді банктік қосымшалар; — төлем операторларының онлайн-сервистері, — делінген басқарманың хабарламасында. Айта ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «CALL ОРТАЛЫҚ» 10 КҮНДЕ 13 253 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ
Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. Өз кезегінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИНДІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты. Қосымша карантиндік орындар қаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты №4, 5 жатақханасында дайындалған. №5 жатақхана «Нұрсат» шағынауданында, ал №4 жатақхана «Отырар» шағынауданында орналасқан. Қала әкімі жатақханалардағы медициналық бекеттердің жабдықталуы мен тұрмыстық жағдайларының мүмкіндігімен танысты. Айта кетейік, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ДӘРІГЕР ГҮЛЖАНАТ
І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәліқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19» індетіне байланысты төтенше жағдай енгізілгелі өзге әріптестері сынды күшейтілген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. Бүгінде қаладағы ауруханалар дене қызуы бар және жедел респираторлық симптомдармен жеткізілген науқастарды арнайы жабдықталған фильтрлі кабинеттерде қабылдауда. – Біздің фильтрлі кабинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. Науқастардан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 235 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ
Мемлекет басшысы індеттің кесірінен ісі тұралап, табысынан айырылған қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктеген еді. Соның бірі — төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған жандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалада 235 мыңнан астам адамға аталған көмектің тағайындалғанын атап өтті. — Бүгінге дейін Шымкент қаласынан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ
Шымкентте карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Бұл Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді. — Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, — деді Н. Сүгірәлиев. ...
Читать далее »65 ЖАСТАН АСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҮЙДЕН ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
65 жастан асқан азаматтарға және 18 жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. «Бұл ретте Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеу тапсырылды, — деді қала әкімінің орынбасары М. Исахов. Сондай-ақ, брифингте ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖАЙЛЫ
Індет жұқтырған 11 азамат 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 ж. туылған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланған. ...
Читать далее »