Архив меток: Аманат партиясы

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

Бүгін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Қалалық қоғамдық штабтың төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Нарымбетов, “Amanat” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М. Қалмұратов, фракция жетекшісі Б.Тулегенов өз сөздерінде Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі мен жеріміздің тұтастығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары. Осы ...

Читать далее »

САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ

Білім беру мен ғылым саласы – еліміздің басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының пайымы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуде 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу міндеті қойылды. Балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайда тәрбиеленуі керек. ...

Читать далее »

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

Әділетті Қазақстанды әділ жандар құра алады. Әділетті Қазақстан — бұл биліктің халық үніне құлақ асып, билік пен халықтың байланысын жақындату жолы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Менің ұстанымым әрбір азамат тең мүмкіндіктерге ие, әрі құқығы қорғалған Әділетті Қазақстан құру. Жаңартылған құндылықтар мен дүниетаным жүйеміздің басты қағидаларының бірі – адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу болуы керек» деп ел бо­лашағына алаңдайтын мемлекетшіл азамат ...

Читать далее »

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘДІЛ АЗАМАТТАР ҚҰРАДЫ

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында Әділетті Қазақстан ұстанымына айрықша назар аударып отыр. Қоғам барлық мәселеде ашықтық, әділдік пен заңдылықтың болғанын қалайды. Президент көтеріп отырған бастамалар баянды болған кезде, біз шын мәнінде де зайырлы, құқықтық мемлекетке айналамыз. Жалпы, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жолында қолға алған барлық реформалары қолдауға тұрарлық. Біз Конституциялық сотты құру арқылы да өркениет көшіне ілескенімізді байқатамыз. ...

Читать далее »

КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫНА ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Шымкент Механикалық Зауыты» ЖШС ұжымының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиында мемлекет басшысының Жолдау баққыттары туралы түсіндірілді. «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Анарбеков, және кәсіпорын жұмысшылары қатысты. «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді ...

Читать далее »

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық №2 емханасының ұжымына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, ұжым тарапынан үлкен қолдауға ие болды. «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Н.Анарбеков дәрігерлерге Жолдаудағы негізгі басым бағыттарды жан-жақты түсіндірді. «Бұл Жолдау – жаңа Конституцияны іске асырудың бастамасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған ...

Читать далее »

«ТАССАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖОЛДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Қаратау ауданында орналасқан №91 мектеп ғимаратында “Тассай” тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті жолдауын талқылау мақсатында өткен кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Жадыра Таңатарова және Имашев Қайрат қатысты. Кездесу барысында мәслихат депутаттары Жолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиында Президентіміздің заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің ...

Читать далее »

«РУХТАСТАР CASES» ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар Cases» диалог алаңының отырысы өтті. Кездесу барысында студенттермен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Диалог алаңының спикерлері Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мадәліұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушысы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ...

Читать далее »

Шымкенттіктер жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыра алады

Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл қызметті eGov.kz порталы арқылы онлайн жасауға, сондай-ақ, банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. – Жүргізуші куәлігін кез келген уақытта eGov.kz порталы және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға болады. ...

Читать далее »

ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы колледж студенттерімен «New public managment» тақырыбымен кездесу өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев қатысты. Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғау­шы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Мемлекет басшысы Жолдауда жастарды қолдау үшін тұрғын үй ...

Читать далее »