Архив меток: ерікті

ЕРІКТІЛЕР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Шымкентте қалалық Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер ұйымдары аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгін «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшелері қашықтықтын оқытуға мүмкіндігі болмай отырған бірқатар отбасыға теледидарлар мен азық-түлік себеттерін тарту етті. «Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық оқушылар қашықтықтан оқу жүйесіне көшкені мәлім. Еріктілер үйінде теледидардың жоқтығынан сабаққа тұрақты қатыса алмай отырған балалардың бар екенін анықтап, бүгін 4 отбасыға қуаныш ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАШЫҚТЫҚТАН МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді. Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 300 ВОЛОНТЕР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының негізінде шаһардағы 11 ЖОО мен мамандандырылған орта оқу орындарының 3000 студенттерінің арасынан 300 ге жуық волонтер кәсіби даярлықтан өтіп, олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы, көмек көрсетуші волонтерлар қатарында болмақ. Ол үшін волонторлардың жол шығындары ...

Читать далее »

БІЗ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАҒА ҚАРСЫМЫЗ

ШЫМКЕНТТЕ «БІЗ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАҒА ҚАРСЫМЫЗ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ. Шымкенттік жас еріктілер заңсыз жарнамаларға өз қарсылықтарын білдіріп, қала көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жас Отан жастар қанаты еріктілері Елшібек батыр және Орынбай ақын көшесіндегі шарбақтар, бағаналармен аялдамаларға жабыстырылған заңсыз жарнамаларды жою жұмыстарын жүргізілді. Акцияға 50 ерікті қатысты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру. Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошуралар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды. — Қоғамда суды үнемдеу ...

Читать далее »

Еріктілермен еркін кездесу

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жыл «Жастар жылының» жалғасы ретінде «2020 Волонтерлар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бағытта, бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғимаратында «2020 Волонтерлар жылы» аясында ауданның белсенді ерікті жастардың қатысуымен форум өтті. Еркін форматта пікір алмасу ретіндегі кездесуге Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов арнайы қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталған Ғабит Патшаханұлы еріктілердің қатысуымен және ...

Читать далее »

Волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді

Еңбегімен ерекшеленген еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.  Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент осы ретте ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатын естен шығармау керектігін айтып өтті. «Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық ...

Читать далее »

Ардагерлер естелігі кітап етіп шығарылады

Шымкент еріктілері соғыс ардагерлерінің естеліктерін үйлеріне барып жазып алуды бастады. Жинақталған естеліктер әдеби өңдеуден өткеннен кейін  ғана кітап болып басылып шығады. Белсенділер қаладағы барлық ардагерлерді қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінде Шым шахарда көзі тірі 43 ардагер бар екен. Барлығының жасы 90-нан асқан. Сондықтан, ерікті жастар медицина қызметкерлерімен бірігіп,  қариялардың денсаулықтарын тексеріп,  үй шаруасында да қолғабыс етеді. Данара Саранова, ерікті: «Біз қазір ...

Читать далее »

Шымкент еріктілері ардагерлерге көмектесті

Қарттарға құрмет-ұрпақ парызы «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп атам қазақ бекер айтпаған болар. Қазыналы қарттарымызды құрметтеу, бүгінгі ұрпақ, біздің басты парызымыз. Осылай деген Шымкенттің бір топ ерікті жастары қаладағы Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл еңбегі ардагерлерінің үйіне барды. «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігі, Жастар ресурстық орталығы мен «Даумед» медициналық ...

Читать далее »