Архив меток: Шымкент

АЗЫҚ –ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «GraMad» көтерме тарату орталығында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізді. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Сонымен қатар, қала басшысы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін шығаратын «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аралау барысында әкім кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды. Бұдан бөлек, Мұрат Дүйсенбекұлы жұмысшы топпен теміржол ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «БАСТЫ ТАЛАП — ЖОҒАРЫ САПА»

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен әкім жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен Нұрсәт шағынауданында 21,5 га аумақта салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап көрді. Мұнда 8 үй салынуда. Мердігер мекеме – «Арт Құрылыс» ЖШС. Компания басшысы Бекжігіт Төлендиевтің айтуынша, құрылысы 2018 жылы басталған нысан биыл маусым айында пайдалануға беріледі. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

Шымкенттіктер көктемнің алғашқы күнін ерекше етіп қарсы алды. Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» Аутрич, NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері өзара қаржы шығарып, мекеме алдында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мегаполис тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дастархан жайып, ас берді. – Наурыз келді, көктемнің алғашқы күндерінің шуағына шомып, мәз-мейрам боп жүрген жағдайымызды елмен бөлісейік деген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ 41 ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Бүгінде жөнделуі қажет 71 үйдің тізімі жасалды. Көп қабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жобасы 2 кезеңге бөлінген. Бірінші кезекте Республика және Тәуке хан даңғылдары бойындағы үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі. Осы мақсатта қазіргі таңда аталған орталық көшелерден 41 үй анықталған. Жалпы 41 үйдің қасбетін жөндеу үшін 13 мердігер мекеме тартылды. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер мен басқарма мамандар үйлердің жағдайын зерделеп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙДА ӨТЕДІ?

Щымкенттің «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі, ТМД елдері өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік Гала-концерті 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу көзделуде. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысатын болады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД-ның және республиканың мәртебелі қонақтары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 34 МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында биыл маңызды мәдени іс-шаралар көп. Бұл туралы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. «Шымкент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылу рәсімі 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткізіледі. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен Алматы, Астана қалалары мен ТМД елдерінен 300-ден астам ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 300 ВОЛОНТЕР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының негізінде шаһардағы 11 ЖОО мен мамандандырылған орта оқу орындарының 3000 студенттерінің арасынан 300 ге жуық волонтер кәсіби даярлықтан өтіп, олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы, көмек көрсетуші волонтерлар қатарында болмақ. Ол үшін волонторлардың жол шығындары ...

Читать далее »

СЕНАТОРЛАР ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Шымкент қаласында кәсіпкерлермен және «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Shymkent» ӘКК» акционерлік қоғамдары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл шара «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: жоғары өнімді бизнестің қазіргі жай-күйі және даму келешегі» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауларға дайындық аясында өткен болатын. Экономикалық саясат, инновациялық даму ...

Читать далее »

Менің ағашым менімен бірге өседі

Шымкенттегі №90 жалпы орта білім беретін мектебінде «Менің ағашым менімен бірге өседі» атты іс-шара өтті. Ағаш отырғызу- аталмыш білім ордасында жылда жалғасып келе жатқан дәстүр. Республикалық ғылыми жоба, пән олимпиадасының жеңімпаздары, жетекшілерімен бірге мектеп директоры Арман Шымбайұлының бастамасымен мектеп ауласына арша ағашын отырғызған. Арша-кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштың тұқымдас тармағы. Аршаның емдік қасиеті бар, халық емінде кең ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БАС ИМАМ МЕШІТ ИМАМДАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Шымкент қаласында орналасқан «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылып, жұмыс істеп келеді. Апталық курс барысында имамдарымызға қажетті дүниелердің барлығы түсіндіріліп, айтылып келеді. Кезекті топқа Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып, ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжатының мәні мен маңызы туралы имамдарға дәріс оқыды. ...

Читать далее »