Архив меток: ұлттық құндылық

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛАДЫ

Шымкентке көшіп келген қандастар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» алты ай бойы тұрады. Осы уақыт аралығында орталықта қандастардың елге бейімделуі үшін бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда ата жұртын аңсап келген ағайынға алдымен қазақы салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз насихатталады. Қызметкерлер түп-тамырымызды тануға мүмкіндік беретін түрлі әдет-ғұрыптарды дәріптеп, түрлі ұлттық ас мәзірін, қазақы тұрмыс-тіршілікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі республикалық «Кітап FEST» фестивалін ұйымдастырды. Көрме орталығындағы өткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауім өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, іс-шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан ...

Читать далее »

АЛҒАШ РЕТ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

2020 жылдың 3-6 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді. Биыл барлық Зияткерлік мектептерден спартакиадада 88 оқушы бақ сынады. Ежелгі ойынның жанкүйерлері алғаш рет өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасы арқылы кездесті. Бұл жылғы спартакиаданың ерекшелігі де осы. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жиі өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН

Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы үшінші мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және ...

Читать далее »

ҰЛТТЫҢ ДӘСТҮРІ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

15 мамыр күні — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген. «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Отбасында ...

Читать далее »

КӨКПАР-ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

Көкпар — ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: «көк бөрі» немесе «көк бөрте». Тағы бір нұсқасында «көкпар» сөзіндегі «пар» бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады. Көкпар тарту ойындары тек қазақта емес, Орталық Азия елдерінің кейбір елдері: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің ...

Читать далее »

АШАМАЙҒА МІНГІЗІП, ҰЛ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГЕЙСІҢ…

Көшпенді қазақ халқында төрт-түлікпен, соның ішінде жылқы малымен байланысты жөн-жоралғылар өте көп. Баласына бәсіре ретінде тай атайтын салттың бірі – ашамайға мінгізу. «Ашамайға мінгізіп, Көш алдына жүргізіп, Алашқа атын білгізіп, Ұл қызығын көргейсің» деген көне жыр жолдарына қарағанда бұл дәстүр біздің халықта ерте заманнан қалыптасқан. Сонда осы «Ашамайға мінгізу» салтының құндылығы неде, жас балаға қандай тәлім-тәрбие береді? Бала 6-7 жасқа ...

Читать далее »

«ЖАРЫСҚАЗАН» ҒҰРПЫ

Баласынан сүйген немересінен асқан қуаныш, бақытты білмейтін ене келінінің бойына бала біткенін байқағаннан-ақ асты-үстіне түсіп, барынша жағдай жасап, күтуге тырысады. Сәбидің дүниеге келгенін асыға күткен енесі келінін толғақ қыса бастағанда жарысқазан ғұрпын атқарады. Келінінің бала көтергенін сезген ененің кеудесін қуаныш кернеп, көрші-қолаң, ауыл-аймақ, ет жақындарын жиып, құрсақ тойын жасаған. Құрсақ тойына келген әр әйел шашуын ала келіп, келінге ақ тілектерін ...

Читать далее »

БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ «ҚОЗЫ ЖАСЫНАН» БАСТАЛҒАН ЕДІ

Қазақ халқының бұрынғы кездегі бала тәрбиесі өте жүйелі болған еді. Бала 6-7 жасқа дейін емін-еркін ойын ойнап, әбден еркелейді. Бұл кезде оның бетінен қағуға ешкімнің құқы жоқ. Тек сүндетке отырғызған соң «мұсылман болдың, үлкен азамат атандың», — деп бірте-бірте ересек өмірге үйретеді. Оқуға, өнерге, шешендікке бейімін аңдайды. 10 жасқа толғанда оған жекелеп қозы бақтырады. Бір сөзбен айтқанда, оны алдын ала ...

Читать далее »

ҚҰЛАҚ СЫРҒАЛЫҒЫН ТЕСУ ҒҰРПЫ

Құлaқ тecу әpбip қыз бaлa үшiн epeкшe cәттepдiң бipi caнaлaды. Ceбeбi құлaққa түpлi әдeмi әшeкeй бұйымдapын тaғып, cыpғaлым aтaнaды. Қыз бaлacы – өмipдiң әceм, бaғa жeтпec гүлi. Coл гүлдiң әpқaйcыcын oдaн әpмeн көpiктeндipудe әшeкeй бұйымдapының, coның iшiндe cыpғaның pөлi зop. 7-9 жac apaлығындa кiшкeнтaй xaншaйымдapдың құлaғын тecу pәciмi opындaлaды. Көбiнe құлaқты бaлиғaт жacы – 9-ғa тoлғaндa тeceдi. Apудың aнacы, әжeci ...

Читать далее »