Авторские архивы: admin

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала әкімінің қабылдауына жазылған Шымкенттің жүзден астам тұрғыны назардан тыс қалған жоқ. Бұл күні өтініш білдіруші азаматтардың барлығы Мұрат Әйтеновке және қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Тұрғындардың басым бөлігі қала басшысынан жұмысқа орналастыру, баспана мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және жеке сипаттағы мәселелерін шешуге ...

Читать далее »

Шымкентте полицейлер түнгі рейдке шықты

Шымкент қаласының аудандық полиция қызметкерлері түнгі рейдке шықты. Түнгі сағат оннан кейін жасы кәмелетке толмаған бала көшеде жүрмеуі тиіс. Олардың өміріне ата-анадан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. Сондықтан, Қаратау ауданы әкімдігі ұйымдастырған кезекті түнгі тексеру жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары және Жастар ресурстық орталығы мен жергілікті полиция өкілдері қатысты. Олар кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қоғамдық орындар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨСІМ БАР

Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алдыңғы жылға қарағанда 1,0 мың гектарға артып 78,7 мың тонна өнім жиналған. Сонымен қатар, күзгі дала мен жиын терім жүргізуге 1000 тонна дизель отыны бөлінген. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өтінімдеріне сәйкес 330 тоннасы беріліп, қала аумағындағы шаруашылықтардың сұраныстары толық қамтамасыз етілген. Шымкентте озық технологияларды қолдау мақсатында жаңадан 13,9 гектарға жылыжай салынып, оның жалпы ...

Читать далее »

«Ордабасыға» жаңа ойыншылармен толықты

«Ордабасы» футбол командасына шетелдік төрт ойыншы қосылды. Құрама Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңін аяқтап, дайындық барасында сынақта жүрген аяқдоп шеберлерімен келісім шарттарға қол қойылыпты. «Ордабасы» командасы еліміздегі таңдаулы клубтардың қатарында көш бастап келеді. Жерлестеріміз өткен жылғы чемпионатта қола медальді иемденіп, Еуролига ойындарына қатысуға мүмкіндік алған еді. Еске сала кетсек, «Ордабасы» командасы 7 наурыз күні Көкшетаудың «Оқжетпес» құрамасымен ел чемпионатының ...

Читать далее »

Шымкентке ҚР Мәдениет және спорт министрі келді

Биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымкент 2200 жылдығын тойлайды. Әрі, «Шымкент — ТМД елдерінің мəдени астанасы» атанғаны белгілі. Сондықтан, республикалық жəне халықаралық дәрежедегі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шым шахарға арнайы келіп, алдағы жоспарлармен танысты. Министр жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар министрліктің тікелей бақылауында болатындығы айтылды.

Читать далее »

«Мәртебелі поэзия мінберінде» — Баян Тленшина

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызының шығармашылығына арналған кеш өтті. Поэзиялық кеш әдеттегідей Ұлы Абай жырларын оқудан бастау алды. Саттар Ерубаев атындағы √24 мектеп-лицейінің оқушылары Абай жырларын оқыса, әнші Нұржан Жүсіпбеков Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мінбер төрінен орын алған ақын Баян Тіленшинаны оқырманы жақыннан тани түсті. ...

Читать далее »

Үкімет басшысы Шымкентке іс-сапармен келді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, индустрия және ...

Читать далее »

Волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді

Еңбегімен ерекшеленген еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.  Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент осы ретте ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатын естен шығармау керектігін айтып өтті. «Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық ...

Читать далее »

Ардагерлер естелігі кітап етіп шығарылады

Шымкент еріктілері соғыс ардагерлерінің естеліктерін үйлеріне барып жазып алуды бастады. Жинақталған естеліктер әдеби өңдеуден өткеннен кейін  ғана кітап болып басылып шығады. Белсенділер қаладағы барлық ардагерлерді қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінде Шым шахарда көзі тірі 43 ардагер бар екен. Барлығының жасы 90-нан асқан. Сондықтан, ерікті жастар медицина қызметкерлерімен бірігіп,  қариялардың денсаулықтарын тексеріп,  үй шаруасында да қолғабыс етеді. Данара Саранова, ерікті: «Біз қазір ...

Читать далее »

Шымкентте өткен жылы 208 жәрмеңке өткен

Шым шахарда бағаны тұрақтандыру бойынша өткен жылы 208 жәрмеңке өткен. Қалалық әкімдік баспасөзінің мәліметінше, жыл қорытындысымен бөлшек тауар айналымының көлемі 381,6 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 7,1% артқан. Қала аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып, жыл басынан қала бойынша 208 жәрмеңке өткізілген. «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жанынан тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 300 млн. теңге қаралған. Бірінші сұрыпты ұннан ...

Читать далее »