Авторские архивы: admin

Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновпен сұхбат

ТМД елдері мәдени астанасының тарихи-мәдени орындары, киелі жерлері жайында. Бағдарламаның жастар арасында түсіндірілуі мен насихатталуы туралы өңір басшысымен сұқбат. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мектеп оқушысына қалай түсіндірер едіңіз? Мұрат Айтенов: Рухани құндылықтар адам баласының бойына бала кезден, ана сүті, ана тілі арқылы, адамгершілік негіздері ретінде, өз елінің тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін білу, тани түсу арқылы орнығады. Сол кезден ұл-қызымыздың өзіне жауапкершілік ...

Читать далее »

Коммуналдық тарифтер төмендеген

Елімізде коммуналдық тарифтердің бағасы төмендеген. Энергетика министірлігінің мәліметіне сүйенсек, көгілдір отынның бағасы 1 текше метр газ үшін ҚҚС-н қоса алғанда 32,47 теңгеден 31,59 теңгеге төмендеген. Ал электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясы тарифтердің шекті деңгейлерінен өсіруінен электр энергиясының тарифтері тұрғындарға 5,9%-ға, 1кВт/сағ. 14,65 тенгеден 15,52 теңгеге, тұтыну көлемі 70кВт.-қа дейін тұтынатындарға -4,8%-ға немесе 1кВт/сағ.13,49 теңгеден 14,14 теңгеге өскен.

Читать далее »

Қазақша сөйлейтін робот құрастырды

Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Елдос Тұран,Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртай «Ino.lab» инновациялық лабораториясында қазақша сөйлейтін робот жасап шықты. Жас өнертапқыштар бүгінде аталған зертханада ақпараттық технологияларды меңгеріп жүр. Болашақта жасанды интеллектпен жұмыс істейтін осындай роботтарды көптеп жасамақ. Жас өнертапқыштар жасаған робот өздігінен қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап бере алады және мобильді қосымшамен басқарылады. Сондай-ақ, топ мүшелері Нұрбек ...

Читать далее »

Ербол Садыр қала әкімінің бірінші орынбасары

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, ...

Читать далее »

Шымкент жастары Отырар тарихымен танысты

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Отырар қалашығына саяхаттап қайтты. Белсенді жастар алдымен неше ғасырлық тарихы бар, сонау Шыңғыс хан 200 мың әскерімен 5 ай бойы ала алмаған Отырар қамалын көзбен көріп, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барып бабаларға құран бағыштап, тарихи орындарды аралады. «Отырар – әлемдік өркениетте өзіндік орны бар, тарихы ...

Читать далее »

Шымкент қызғалдақтар отанына айналады

Жылдағы дәстүр бойынша, сәуір айында «Қызғалдақ жолы» атты халықаралық фестиваль Шымкентте өтеді. Баршаға белгілі Шымкент биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Сондықтан, жауапты салалар қызғалдақ фестивалін ерекше өткізуді қазірден қолға алыпты. Фестиваль аясында шеберлер қалашығы құрылып, суретшілерге де бөлек алаң беріледі деп жоспарланған. Фестиваль аясында флористер дайындаған шоқгүлдер қойылып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылады. «Асқақ Алатаудың баурайы алма ...

Читать далее »

Маманнан кеңес алды

Шымкентте «Маманнан кеңес» акциясы өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып «Маманнан кеңес» акциясын өткізді. Акция Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында өтті. Онда түрлі салалардағы 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес берді. Акцияға келушілерді көбіне жер телімдеріне құжатты рәсімдеу, әлеуметтік көмекті алу, тұрғын үй, құқық қорғау қызметтері, ...

Читать далее »

Желдің салдары қалпына келтірілді

Шахардағы Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандарының бірнеше көшелерінде электр сымдары үзіліп, тұрғындар электр қуатынан ажыратылған еді. Бір күн бұрын 9 ақпанда оңтүстік-батыс бағытында жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-тен 25 метрге дейін жететіндігі туралы дауылды алдын алу ескерту болған. Десе де, көптеген көшелерде талдар құлап, электр сымдарын үзіп жіберген. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жарықсыз қалған тұрғындарға электр қуаты берілді. ...

Читать далее »

Шымкенттік шебер былғарыдан сөмке тігеді

Сапалы отандық өнімдерді алға шығаруды арман еткен қолөнер шебері-шымкенттік Асқар Сәтпаев. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт сол үшін де бүгінде терін тамшылатып еңбектеніп жүр. Қайыстан әмиян, белдік және сөмке тігеді. Көпқабатты үйдің аядай балконын өз шеберханасына айналдырған. Алғашында тек белдік тігумен айналысса, кейін сапалы әрі қолжетімді бағада сөмкелер де тіге бастаған. «Бұл іспен айналысып жатқаныма үшінші жыл болады. Бұл суретшілердің ...

Читать далее »

Дене шынықтыру пәндеріне Қазақ күресі енгізілмек

Қазақ күресі елордадағы бес мектептің бағдарламасына енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясының президенті — Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Федерация президентінің айтуынша, Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмысы қолға алынған. 1-4 сынып аралығында Қазақ күресінің акробатикалық жаттығуларын үйрету қарастырылған. Ал 5-11 сынып оқушыларын кәсіби тұрғыда дайындау жоспарлануда. «Алдағы оқу жылы пилоттық ...

Читать далее »