Қазақ халқында сонау заманнан сақталып келе жатқан үрдістің бірі- табақ тарту. Рәсімнің түрлері де өте көп. Кейбір деректерге сүйенсек, қонаққа тартатын табақтың саны 50-ге жетіп қалады. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ. Табақ тартудың түрлеріне тоқталмас бұрын рәсім жайлы айтып өтсек. Қазақта табақ тартудың айшықталған көрінісі орта ғасыр дәуірінде ...
Читать далее »Мәдени Астана
АУЫЗҒА ТҮКІРУ ЫРЫМЫ
Ауызға түкіртіп алу -аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Қазақтың бұл ырымы ел ішінде әлі де жасалып келеді. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға ...
Читать далее »БЕКЕТТЕРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕ ТҰР
Шымкент қаласы бойынша 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр. Қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Бұл үшін қаланың кіретін жолдарындағы блок-бекеттерге 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы (13 санитарлық автокөлік, 13 фельдшер, 13 жүргізуші), 45 орта медициналық қызметкер (фельдшер, медбике) жұмылдырылған. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер сымсыз термометрлермен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық бекеттер талапқа сай ...
Читать далее »15-НАУРЫЗ-ШЕЖІРЕ КҮНІ
Шежіре күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн ...
Читать далее »ҚОНАҚ КЕЛСЕ-ҚҰТ КЕЛЕДІ
Шымкенттегі Салт-дәстүр орталығы мен «Рухани жаңғыру» бөлімінің қызметкерлері Наурыздың алғашқы күні «Көрісу күнін» атап өтті. Сәлем-сауқатын сұрасқан топ Әз-Наурыз айының алғашқы мерекесі — көрісу күнін атап өту үшін жиналды. Алдымен меймандар үйге еніп, жағдай сұрасты. Әдебін сақтап, бір-бірімен құшақ жая қауышты. Көрісу мерекесі — қазақтың үлкен мән-маңызға ие дәстүрі. Көпшілік мұны қауышу күні деп те атайды. Бұл күні жамағат таңертең ...
Читать далее »«ШЫМКЕНТ ҚҰС» ФАБРИКАСЫ ЖЫЛЫНА 2000 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов пен Басқарма басшысы А. Қаныбеков ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқан «Шымкент құс» ЖШС-нің жұмысымен танысты. ⠀ Жалпы аумағы 57,7 га құрайтын Фабрикада қазіргі таңда 320 адам жұмыс істейді.Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын және бройлер етін өндіру болып табылады. ⠀ Фабрикада 602,7 мың бас құс өсірілуде. Оның ішінде: — ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА «GRAMAD» САУДА ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы «Gramad» сауда үйіне ат басын бұрып, осындағы әлеуеметтік маңызды тауарлардың бағасымен танысты. Өйткені бүгінде қала әкімдігімен келісімге келіп, халыққа төмен бағада азық-түлік ұсынып жатқан қаламыздағы жалғыз сауда нүктесі осы «GraМad». Келісім бойынша бұл бағалар бір жыл бойына сақталады. Әрине маусымдық сұраныстарға қарай баға кішкене құбылуы мүмкін. Мәселен, жазда, күзде көкөніс, бау-бақша өнімдері және басқа ...
Читать далее »«ӘКЕ ТАҒДЫРЫ» ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрының сахнасында Б.Жакиевтің «Әке тағдыры» драмасының премьерасы өтті. Драма Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналды. Қойылым соғыстан қайтпаған баласын келер деп үміт үзбеген әкенің, жесір қалған келінімен немересін бөлісе алмаған атаның айналасында өрбиді. Көпшіліктің көңілінен шыққан қойылым театрдың қоржынына енген екінші драма жанрындағы туынды.
Читать далее »«АБАЙ ДЕСЕМ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «АБАЙ ДЕСЕМ» атты әдеби – музыкалық, театрландырылған қойылым өтті. Қойылым барысында Абайдың «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Татьянаның әні», «Айттым сәлем Қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз…» және т.б. әндері орындалып, Абай шығармашылығының толысқан, кемелденген шағындағы махаббаты мен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ
2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша үшінші мегаполисте коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Тимур Варзилов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізіліп келеді. – Коронавирустық инфекция тіркелген елдерден ...
Читать далее »