Мегаполис жаңалықтары

Шымкентке Илья Ильин келді

Бүгін Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде Илья Ильиннің студент жастармен кездесуі өтті. Илья еріктілер жылы аясында жастарды спортқа, тазалыққа, еңбексүйгіштіке шақырып, спорттағы жаңалықтарымен бөлісті. Кездесуде Илья Ильинге ОҚМУ-дың «Құрметті профессоры» атағы берілді. – Жақын уақытта спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жоспарлап отырмын. Алдағы уақытта өзімді спорт менеджері ретінде сынап көрсем деймін. Адам бұл өмірде бәріне дайын болу керек. Үйренуден ...

Читать далее »

Шымкентте 42 мектеп салынады

Шымкентте үш жылда 42 мектеп салынады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысы бойынша тұрғындарға берген есепті кездесуінде мәлімдеді. «Өткен жылы Шымкентте 401 оқушы «Алтын белгі», 360 оқушы «Үздік аттестат» алды. Республикалық және Халықаралық ғылыми байқауларда 34 оқушы жеңімпаз атанды. Өткен 3 жылда бюджет есебінен 12 600 орындық 19 мектеп салынды. 535 орындық 2 бала ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ

Өткен жылы Шымкентте біршама жұмыс жасалды. Нәтижесінде: Өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 %-ға өсті. Ауыл шаруашылық өнімі 6,3 %- ға, жаңа тұрғын үйлер 19,2 %-ға, ал, бөлшек сауда 7,1 %-ға көбейді. М.Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкентке келген сапарында Елбасы «Шымкент Орта Азияның экономикалық және мәдени орталығы болуы тиіс. Мұнда экономиканың перспективалы салалары бар. Мысалы азық-түлік, тоқыма кластері, құрылыс материалдары, ...

Читать далее »

Даланың дара данышпаны

Оқушылар сарайында ойшыл ғұлама, аудармашы ақын, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Даланың дара данышпаны» атты байқау ұйымдастырылды. Қала мектептерінің оқушылары арасында өткен жарыс мақсаты — ұлы ақынның мол мұрасын жаңғырта отырып, өшпес ғибратының өміршеңдігін насихаттау, жас таланттарды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, көркем-эстетикалық таным-талғамын арттырып, сөз өнерінің құдіретін ұғындыру еді. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Абайдың қара сөзі ...

Читать далее »

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала әкімінің қабылдауына жазылған Шымкенттің жүзден астам тұрғыны назардан тыс қалған жоқ. Бұл күні өтініш білдіруші азаматтардың барлығы Мұрат Әйтеновке және қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Тұрғындардың басым бөлігі қала басшысынан жұмысқа орналастыру, баспана мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және жеке сипаттағы мәселелерін шешуге ...

Читать далее »

Шымкентке ҚР Мәдениет және спорт министрі келді

Биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымкент 2200 жылдығын тойлайды. Әрі, «Шымкент — ТМД елдерінің мəдени астанасы» атанғаны белгілі. Сондықтан, республикалық жəне халықаралық дәрежедегі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шым шахарға арнайы келіп, алдағы жоспарлармен танысты. Министр жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар министрліктің тікелей бақылауында болатындығы айтылды.

Читать далее »

«Мәртебелі поэзия мінберінде» — Баян Тленшина

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызының шығармашылығына арналған кеш өтті. Поэзиялық кеш әдеттегідей Ұлы Абай жырларын оқудан бастау алды. Саттар Ерубаев атындағы √24 мектеп-лицейінің оқушылары Абай жырларын оқыса, әнші Нұржан Жүсіпбеков Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мінбер төрінен орын алған ақын Баян Тіленшинаны оқырманы жақыннан тани түсті. ...

Читать далее »

Үкімет басшысы Шымкентке іс-сапармен келді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, индустрия және ...

Читать далее »

Волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді

Еңбегімен ерекшеленген еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.  Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент осы ретте ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатын естен шығармау керектігін айтып өтті. «Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық ...

Читать далее »

Ардагерлер естелігі кітап етіп шығарылады

Шымкент еріктілері соғыс ардагерлерінің естеліктерін үйлеріне барып жазып алуды бастады. Жинақталған естеліктер әдеби өңдеуден өткеннен кейін  ғана кітап болып басылып шығады. Белсенділер қаладағы барлық ардагерлерді қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінде Шым шахарда көзі тірі 43 ардагер бар екен. Барлығының жасы 90-нан асқан. Сондықтан, ерікті жастар медицина қызметкерлерімен бірігіп,  қариялардың денсаулықтарын тексеріп,  үй шаруасында да қолғабыс етеді. Данара Саранова, ерікті: «Біз қазір ...

Читать далее »