ТӨЛЕМДЕР ПОСТ ТЕРМИНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастады. Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Оған қоса көлеңкелі бизнестің жолын…

ШЫМКЕНТ: ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛДІ

Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Әл-Фараби ауданының ТЖ бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық…

БАНК АЛДЫНДА КЛИЕНТТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында банкте кезекте тұрған азаматтардың ара-қашықтығы 1,5-2 метр болуы тиіс. Бұл ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда Шымкентте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін…

ЕЛБАСЫ ӘРДАЙЫМ ЕЛМЕН БІРГЕ

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған өз мақаласында партия мүшелері сауапты істердің алдыңғы қатарынан табылуы тиіс деп атап өтті. Елбасымыз өз мақаласында мемлекет осындай қиын сәтте қолдан…

ТҰРҒЫНДАРҒА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында шектеу шараларын Төтенше жағдай департаментінің мамандары үйме-үй аралап түсіндіруде. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығында Шымкент қаласы…

БАНК БӨЛІМШЕ АЛДЫНДА КЕЗЕК КҮТЕТІН АРНАЙЫ ЖОЛАҚТАР СЫЗЫЛДЫ

Бұл туралы «Halyk Bank» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Бұл…

ШЫМКЕНТ: НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН 75 АЗАМАТ ОҚШАУЛАНДЫ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 азамат тіркелді. Бұл науқастардың барлығы 5 сәуір күні індет анықталған 24 жастағы азаматпен тығыз байланыста болған отбасы мүшелері. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық…

ШЫМКЕНТТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЕКІ БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ

6-сәуір күні Қазақстанда қашықтықтан оқыту басталды. Шымкентте жалпы 172 мектепте 222 037 оқушымен ІV-тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады. Қашықтықтан оқыту екі бағытта жүргізіледі, оқушы екеуінің біреуін таңдай алады. Бірінші бағыт,…

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПЕРЗЕНТХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3…

ШЫМКЕНТТЕ COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ГОСПИТАЛЬ САЛЫНУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан Ақжайық шағынауданында тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары…