ШЫМКЕНТТЕ 15 ҚАЗАННАН БАСТАП ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге «Төлем» электронды билет жүйесін енгізу мәселесі бойынша баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «QazSmartTrans» ЖШС басшысы Сержан Ақылбаев жаңа жоба жайлы жан-жақты түсіндіріп…

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫ 13 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

Шымкент жыл санап жасыл желекті қалаға айналып келеді. Мегаполисте жасыл аймақтың аумағы алдағы бес жылда 13 000 гектарға ұлғаяды. «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарын әзірлеген.…

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ОНКОЛОГТАРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласында 26 қыркүйек күні қалалық онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтті. Онда еліміздің үздік онколог дәрігерлері қала тұрғындарын қабылды. Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау мақсатында өткен шараға Қазақ ұлттық…

ШЫМКЕНТ: КАВАСАКИ АУРУЫ БАР БАЛАЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Шымкентте Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Шымкентте екі, алты және жеті жастағы балаларда мультисистемалық қабыну синдромының…

ШЫМКЕНТТЕ ҚОС НАУҚАСҚА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер қос ананың бүйрегін науқас балаларына хирургиялық жолмен салып берді. Бейбіт Сидазимов 2 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі дертімен есепте тұрады.…

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖАС ҒАЛЫМ ОЙЛАП ТАПҚАН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған екен. Жас…

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ СЕКЦИЯЛАР АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтті. Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге…

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп…

АУРУХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Атап айтқанда, қалаға 10…

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Ондағы мақсат — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау. Іс-шараға инфекциялық…